«Алтайдың ар жағынан келген ару» қатысатын кеш

Осы жылғы 25 сәуір күні сағат 16.00-де Қазақ­стан Жазушылар одағының ұйымдас­тыру­мен «Тағзым» клу­бының аясында Қазақ­стан Жазу­шылар одағының І.Жан­сүгіров атындағы сыйлы­ғының лауреаты, көрнекті ақын, сазгер Тынышбай Рахымды еске алуға ар­налған «Көкірегім – күй­сандық» атты жыр кеші өтеді.

Бұл кеште актер Дулыға Ақмолда және Т.Жүр­­генов атындағы Қазақ Ұлттық өнер ака­демиясының студенттері ақынның өлеңдерін оқыса, белгілі өнер шеберлері Сәуле Жанпейісова, Алтынбек Қоразбаев, Сәкен Қалымов және «МузАРТ» тобы әндерін орындайды.

Кеште Т.Рахымның халық арасына кең тараған «Алтайдың ар жағынан келген ару» әнінің кейіпкері – Қытайдағы қандас қарындасымыз, Шыңжан теле­видениесінің қызметкері Әмина Еркешқызы және ақынның замандастары естелік айтады.

Мекен-жайы: Қазақстан Жазушылар одағының Әдебиетшілер үйі. Абылайхан даңғылы, 105-үй.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close