«Алматы жылу жүйесі» ЖШС атқарылған жұмыс туралы есеп берді

Өткен аптада «Алматы жылу жүйесі» ЖШС мен Алматы қаласы бойынша Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестерді және тұтынушылар құқығын қорғау комитеті Департаменті (бұдан әрі – ТМРКД) бірлесіп, «Алматы жылу жүйесі» ЖШС-ның 2020 жылғы инвестициялық бағдарламасын орындау бойынша баспасөз турын өткізді.
ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 28 тамыздағы «ҚР террористік тұрғыдан осал объектілерінің тізбесін бекіту туралы» №876 қаулысына сәйкес Алматы қаласы әкімінің 2016 жылғы 26 тамыздағы №3/410 қаулысымен Алматы қаласы бойынша террористік тұрғыдан осал объектілердің тізбесі бекітілді.
Осыған байланысты «Алматы жылу жүйесі» ЖШС бойынша террористік тұрғыдан осал объектілерге жататын 14 сорғы стансасы (50 Гкалл астам айдау жүзеге асырылады) анықталды. 2019 жылы 14 сорғы стансасының қоршауларын жаңарту керектігі сөз болды. Ал биыл инвестициялық бағдарламаны іске асыру үшін қаражат бөлінді. Өткізілген мемлекеттік сатып алу нәтижелері бойынша жұмысты жүргізу «ПМК-7К» ЖШС мердігерлік ұйымына берілді. Бүгінде бұл ұйым 4 нысандағы ескі қоршауды бұзып, жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес жаңа қоршаудың іргетасын құю бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр.
Ескі қоршауы бұзылып, жаңа қоршау салынатын нысандарға «Орбита-3» ықшамауданы, үй 1а мекен-жайында орналасқан 1, 2, 3, 4 сорғы стансалары. Бұл – «Орбита» ықшамауданында орналасқан көппәтерлі тұрғын үйлер мен өзге де объектілерді жылумен қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Сүлейменов көшесі, 1а мекен-жайында орналасқан №14 сорғы стансасы. Бұл станса «Таугүл» 1, 2 ықшамауданында орналасқан көппәтерлі тұрғын үйлер мен өзге де объектілерді жылумен қамтамасыз етеді.
Айтат кету керек, «Алматы жылу жүйелері» ЖШС жылуды таратып, халықты жылумен қамтамасыз ететін бірден-бір ұйым ретінде табиғи монополия саласының субъектісі болып табылады. Жылу энергиясының тарифі − жылуды өндіру мен оны таратудан, яғни, тұтынушыға жеткізу сынды жұмыстардан тұрады. Біздің қалада жылу энергиясын өндірумен «Алматы электр стансалары» АҚ және «Алматыжылу коммунэнерго» ЖШС айналысады. Ал, «Алматы жылу жүйелері» өндірілген жылуды жан-жаққа таратып, тұтынушыға жеткізеді.

КЕРЕК ДЕРЕК
2020 жылдың 01 қаңтардағы жағдай бойынша «АлЖЖ» ЖШС жылу желілерінің жалпы ұзындығы – 1 241,4 шақырымды құрайды. Соның ішінде:
• Магистральдық жылу желілері (МЖЖ) – 282,43 шақырым;
• Тарату жылу желілері (ТЖЖ) – 958,96 шақырым.

КЕРЕК ДЕРЕК
«АлЖЖ» ЖШС-ның сорғы стансаларының саны – 71. (жұмыс істеп тұрғандарының саны – 67), соның ішінде:
• Магистральдық сорғылар – 21;
• Таратушы сорғылар – 50 а (жұмыс істеп тұрғандарының саны – 46, резервте тұрғандар саны – 4)

КЕРЕК ДЕРЕК
2020 жылдың 01 қаңтардағы жағдайы бойынша жылу энергиясын тұтынушылардың саны – 394 472 бірлікті құрайды, соның ішінде:
• Жеке тұлғалар – 380 349 бірлік.
• Заңды тұлғалар – 14 123 бірлік.

«АҚШАМ-АҚПАРАТ»

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *