Алматы әуежайына ҚХР-дан 171 қазақстандық келді

Бүгін Алматының халықаралық әуежайына Қытайдан 211 жолаушысы бар рейс келді. Оның ішінде Қазақстанның 171, Қырғызстанның 40 азаматы бар. Бұл ҚХР-да коронавирусты инфекцияның шығуына байланысты ҚР азаматтарын көшірген соңғы рейс.
Келгендердің жағдайы қанағаттанарлық. Еліне оралған отандастарымыз бірден жұқпалы аурулар емханаларына жеткізілсе, Қырғызстан азаматтары қырғыз тарапына беріліп, Қырғыз Республикасының аумағына жеткізілді.
Карантин жарияланған жерден келген жолаушылар жұқпалы аурулар емханасының аумағындағы мамандандырылған бокстарға оқшауланады.
Санитарлық және шекара қызметінің қызметкерлері, экипажбен медицина қызметкерлері ұшақты әуежай аумағындағы жеке аймаққа отырғызу кезінде, сондай-ақ пациенттерді жеке бағыт бойынша оқшаулау және карантиндеу процесінде коронавирусты инфекциялардың таралуына жол бермеу бойынша барлық эпидемияға қарсы шараларды сақтағанын атап өткен жөн. Ұшақ бортында жолаушылар термометрия әдісі бойынша үш кезеңнен тұратын тексеруден өтті.
Жұқпалы аурулар ауруханасының аумағына келгендерге барлық қажетті жағдайлар жасалған. Медициналық ұйымдар дәрі-дәрмек және эпидемияға қарсы қорғану құралдарымен жеткілікті түрде қамтамасыз етілген.
Жалпы, бүгінде әлемде 45 188 коронавирусты инфекция жағдайы тіркелген.
Алматыда жағдай тұрақты, коронавирусты жұқтыру жағдайлары жоқ. Жағдай биліктің бақылауында. Өңірлік штаб коронавирусты инфекцияның таралуының алдын алу бойынша күшейтілген шараларды іске асыруда. Барлық халықаралық рейстер бойынша вирустық инфекциялардың алдын алу және диагностикалау бойынша эпидемияға қарсы шаралар жүзеге асырылуда.
Коронавирус мәселелері бойынша Қазақстан аумағында 1406 нөмірі бойынша тәулік бойы call-орталық жұмыс істейді.
Сонымен қатар, аталған рейспен келгендердің мәселелері бойынша Алматыда 8 707 677 71 68, 8 771 404 54 65 нөмірлері бойынша «жедел желі» жұмысы ұйымдастырылды.
«АҚШАМ-АҚПАРАТ».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *