АЛМАТЫ ОРТАЛЫҚ МЕШІТІ КӨРКЕМ ШЫРАҚ ШАМДАРМЕН БЕЗЕНДІРІЛДІ

99Шараға Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек, ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб-мүфти Серікбай қажы Ораз, Медеу ауданының әкімі Ержан Жұматұлы, Алматы қаласының бас имамы Нұрбек Есмағанбет және мешіт жамағаты қатысты.

Орталық мешітті жарықтандыру жұмысы дін қызметкерлерінің өтінішіне орай Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбектің қаланың инфрақұрылымын дамыту тапсырмасы бойынша іске асырылып отыр.

Шара барысында наиб-мүфти Серікбай қажы Ораз игі істерге баста­машы болып жатқан қала басшы­лығына Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының және жамағаттың атынан алғысын білдіріп, мешіт салу, оның көркеюіне атсалысу үзілімейтін сауап, игі іс екенін айтты.

«Алланың Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, мешіт салу, оның көркеюіне атсалысу үлкен сауап екенін айтқан.  Бұл жайында Пайғам­барымыздың, (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) хадисінде: «Адам баласы дүние салғаннан соң оның амалы тоқтайды. Тек мына үш амалдың сауабы иесіне үздіксіз жетіп тұрады. Олар: жария садақа, пайдалы ғылым, артынан дұға қылатын салиқалы перзент», – деген. Осы жария садақаның бірі – мешіт салу. Мешіттердің шариғат талаптарына сай таза, жарық болып нұрланып тұруы жамағаттың көңіл күйін көтереді. Мешіт тек Құран оқып, намаз өтеп кететін құлшылық үйі ғана емес, ол жерде жастарымыз білім мен тәлім-тәрбие алады. Біз қашанда мешіттеріміздің құлшылық орны ғана емес, діни-рухани орталыққа да айналуын мақсат етеміз. Мешіт жамағаты ұйымшыл, ынтымағы мен бірлігі күшті, иманы бекем болса, сол халықтың іргесі бекем, бақытты болады», – деді Серікбай қажы Ораз.

Алматы Орталық мешітінің бас имамы Нұрбек Есмағанбет мешіттің көркем шырақ шамдармен безендіріліп, жаңаша жарқыраған көрінісін түнімен көруге болатынын айтады. Себебі, диодты шамдарға күннің шығуы мен батуына байланысты автоматты ажыратқыш қойылған.

«Мешітке 320 шам қойылды. Жарықтардың ақ пен сары түс аралас  қойылуы мешіттің сары күмбезімен үйлесім тауып тұруы үшін қойылды. Бұл шамдар имандылық үйіне ерекше көрініс беріп тұр. Сондықтан, Алматы Орталық мешітін қаламыздағы әсем ғимараттардың бірі деп айтып, мақтануға болады», – деді Нұрбек Есмағанбет.

muftyat.kz

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *