Алматының жедел жәрдем қызметі 28 жаңа автокөлікпен толықты

Кеше Конституция күні қарсаңында қала әкімі Бақытжан Сағынтаев  медициналық жедел жәрдем қызметінің автопаркіне 28 жаңа автокөліктің кілтін табыстады

Шаһар басшысы жедел жәр­дем қызметінің ұжымын алдағы Конс­ти­туция күнімен құттықтап, әкімдік жұ­мы­сының басты бағыттарының бірі – денсаулық сақтау саласы екенін атап өтті. Сондай-ақ, дер кезінде медици­налық жедел көмек көрсету үшін қалада барлық жағдайлардың жаса­ла­тынын қадап айтты.

– Медицина саласындағы тех­ни­каларды, бригадаларды жаңарту жұмыс­тары жал­ғасын табады. Міндетіміз – жедел жәрдем дәрі­гер­лерінің шұғыл көмек көр­сету­­ле­рі үшін барлық жағ­дайды жасау, – деді Б.Сағын­таев.

Бүгінде жедел жәрдем қыз­ме­тінде 3874 адам еңбек етеді. Соның ішінде 177 жедел жәрдем бри­гадасы мен 265 автомобиль бірлігі бар. Қызмет құрамында 11 қосал­қы   станса  мен  3 ав­токо­лонна, 2 ав­то­көлікке май құю бекеттері қызмет етеді.

Өткен жылы жедел жәрдем қызмет­керлері  қала тұрғын­дарынан 1,7 млн. шақырту алып, оларға қызмет көрсеткен екен. Орта есеппен күніне 300 шақыру түседі.

2017–2018 жылдары жылына 15-17 көліктен сатып алынатын. Салыс­тырмалы түрде биылғы жылы сатып алынған авто­мобильдер көп. Барлық көлік­тер Денсаулық сақтау ми­нистрлігі жасаған стандарттарға сай және заманауи құрал­дармен жаб­дықталған. Әр жедел жәрдем көлігінің ішінде дефибриллятор, электро­кар­диограф, өкпенің жасан­ды вен­тиля­циясының аппарат­тары және оттегі баллондары бар.

 

Н.АСЫЛ.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *