Алматының үздік мұғалдімдері республикалық байқауға өтті

Таяуда «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ базасында «Педагогикалық идеялар панорамасы» байқауының қалалық кезеңінің жеңімпаздары мен қатысушыларын салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

«Педагогикалық идеялар панорамасы» – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылған «Өрлеу» БАҰО» АҚ өткізетін Республикалық конкурс.

Байқаудың басты мақсаты – барлық деңгейдегі оқытушыларға өз әлеуетін ашып, оны бүкіл Қазақстанға көрсетуге мүмкіндік беру. Сондай-ақ, байқау еліміздің барлық оқытушыларына тәжірибе алмасуға тамаша мүмкіндік береді.

«Педагогикалық идеялар панорамасы» конкурсының қалалық кезеңіне Алматы қаласынан мына бағыттар бойынша 98 педагог қатысты: мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың заманауи технологиялары; орта білім беруде оқытудың заманауи технологиялары; техникалық және кәсіптік білім беруде оқытудың заманауи технологиялары; жоғары білім беруде оқытудың заманауи технологиялары; қосымша білім беруде оқытудың заманауи технологиялары.

Қатысушылар арасында мектепке дейінгі ұйымдардың әдіскерлері мен тәрбиешілері, бастауыш сынып мұғалімдері, 14 пән бойынша (қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, математика, информатика, физика, химия, биология, география/жаратылыстану, тарих және құқық/дінтану, өзін-өзі тану, көркем еңбек/музыка, технология/сызу, дене шынықтыру/бастапқы әскери және технологиялық дайындық) мұғалімдер, техникалық және кәсіптік білім беру оқытушылары, жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы, қосымша білім беру педагогтары бар.

Салтанатты рәсім кезінде «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ директоры Р.А.Садвакасова жеңімпаздар мен қатысушыларды дипломдармен марапаттай отырып, байқаудың республикалық кезеңіне өткендерге сәттілік тіледі.

«АҚШАМ-АҚПАРАТ».

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close