АЛМАТЫНЫҢ КЕЛБЕТІ ТҮРЛЕНЕ ТҮСПЕК

Күн санап көркейіп, жыл санап өзгеріп жатқан алып шаһардың көрінісі көзтартарлық. Бүгінде қаламыздың орталық бөлігі айтарлықтай жаңарған, өзгерген.

Құралай ИМАНБЕКҚЫЗЫ

Естеріңізде болса, Алматыны бірыңғай дизайн-коды бойынша көріктендіріп, сәулетін біркелкілендіру жұмысы 2017 жылы басталған-ды. Алматы қаласының дизайн-код жоба­сын ұсынған Қалалық жоспар­лау және сәулет басқармасы қала­мызды «жарнамалық анархиядан» құтқарудың бірден-бір жолы ретінде ұсынған балкон мен қасбеттің бірың­ғай дизайн коды бойынша эскиздері қалалық әкімдікте ұсынылып, таныс­ты­рылған болатын. Бүгінде жоба бойынша қоғамдық талқылау бастал­ды.  Құжатта қаламыздың бүгінгі кел­бе­ті қалай көрінеді және дизайн-код қабылданғаннан кейін қандай болуы тиіс екені көрсетілген. Қаладағы әрбір ғимараттың өзіне тән ерекшелігі бар. Олардың барлығы дизайн-код бойын­ша көрініс береді. Қала тұрғындарына үйлерінің қалай көрінуі керектігін түсіну үшін Алматы дизайн-кодының электрондық картасын пайдалану ұсынылып отыр. Қызығушылық танытқан нысан жайында картадағы ғимарат деген жазбаны басып, толық ақпарат алуға болады. Сондай-ақ, қалада ғимараттың қасбетін: мәселен, маңдайшадағы жазулардан, көлемді сөрелерден, өзге де сіз келіспейтін көріністерден бас тартуға  болатын бірқатар талаптар бар. Бұған дейін Алматыда балконды дизайн-код бойынша қайта жасау жоспарлануда деп хабарланған-ды. Алайда, бұл мәселені пәтер иелері өздері шешеді. Ғимараттың қасбетін жөндеуге арналған ақшаны тұрғындар тұрғын үйді ұстауға арналған түбіртектер бойынша немесе күрделі жөндеуге арналған жинақтардан төлейтін қара­жаттан алатын болады. Желтоқсан айында Алматыда дизайн-код бойын­ша қоғамдық тыңдау басталады. Сондай-ақ, дизайн-кодты енгізгеннен кейін бұрыштық пәтерлердің тұрғын­дарына үйлердің қабырғаларын өз беттерінше жылыту үшін қаптауға тыйым салынады.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *