АЛМАТЫДА ҚҰРБАН АЙТТА САТЫЛАТЫН ҚОЙДЫҢ БАҒАСЫ

30 мыңнан аспайтын болады. Ержан қажы Малғажыұлы Құрбан айт алдындағы баспасөз мәслихатында осылай деп мәлімдеді

Бас мүфти әлеуметтік желіден түспейтін мұсыл­мандардан сойылған малдың қасында тұрып селфи жа­самауды өтінді.  Құрбандықта сойылған малдың қасын­да тұрып селфи жасау – орынсыз екенін жеткізді.

– Өзінің істеп жатқан игі амалы мақтан үшін болмауы керек. Бейнетаспаға түсіріп, елге көрсеткені бір мақтан үшін болып кетеді. Сіз біреуге садақа берсеңіз де оң қолыңыз білсе, сол қолыңыз білмеуі керек, – деді  бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.

Биыл айт намазы Алматы жұрты үшін таңғы 7:30-да оқылса, елордалықтар 7:45-те бастайды. Ал құрбандық шалу үшін бұл екі шаһардың өзінде мал соятын 29 арнайы орын дайындалған. Ол жерлерде, тіпті, қасапшыларға дейін тренингтер өткізіліп, малды мұсылмандық жолмен сою ережелері түсіндірілген.

Мүфтиат мал бағасын кәсіпкерлермен келісіп қойды. Яғни, Құрбан айтта сатылатын қойдың бағасы 30 мыңнан аспауы тиіс. Құрбандыққа бір жасар қой, екі жасар сиыр, бес жасар түйе шалынады. Сойылатын мал арық, ақсақ, соқыр, шұнақ болмауы тиіс.

 

ҚМДБ баспасөз орталығы.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *