АЛМАТЫДА ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТЕДІ

Ақпанның 1-2-сі күндері «Медеу» мұз айдынында 2020 жылдың Алматыдағы алғашқы әлемдік додасы – Спидвейден мұздағы Әлем чемпионатының финалы өтеді

Мұздағы мотоцикл жарысы (Спидвей) Халық­аралық Мотоцикл федерациясының (FІM) қолдауымен өтеді. Қазақстанда  Спидвейден Әлем чемпионатының финалы бесінші рет өтеді. ҚР Автомотоспорт  федера­циясы әлемдік доданы 2015 жылдан төрт рет Алматыда, Медеуде өткізсе, бір рет Астанада, «Алау»  жабық мұз айдынында өткізді.

Спидвейден Әлем чемпионатының финалы түңғыш рет жекелей сында өтеді, бұған дейін командалық сында өтіп келген. 2020 жылғы Спидвейден Әлем чемпио­на­тының финалы бес кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңі Ал­матыда өтсе, екінші финал Тольятти қаласында, үшінші Ресейдің Шадринск қаласында өтеді. Келесі финалдық додалар Германия мен Голландия елдерінде болады.

«Медеу»  мұз айдынындағы Спидвейден Әлем чемпионатының финалы бас серіктес – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ, ҚР Спорт және Мәдениет министрлігі және Алматы қаласының әкімдігінің қолдауымен өтеді.

Жарыс билеттерін «Медеу» кассаларынан,  www. medey.іnfo ресми сайтынан алуға болады.

Жарыстың басталуы:

Бірінші финал –1 ақпан, сағат 12.30.

Екінші финал – 2 ақпан, сағат 12.30.

«Ақшам-ақпарат». 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *