АЛМАТЫДА COVID-19-ҒА ТЕСТІЛЕУДЕН ӨТКІЗУДІҢ МОБИЛЬДІ ОРТАЛЫҚТАРЫ АШЫЛДЫ

   SARS-CoV-2 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алуға және болдырмауға бағытталған шараларды іске асыру, сондай-ақ коронавирустың жаңа толқынына инфекциялық қызметтің дайын болуы мақсатында  «Gamma Lab» диагностикалық зертханасы Алматы қаласында COVID-19-ға тестілеуден өткізудің мобильді орталықтарын іске қосты.

Тестілеу орталықтарында биоматериалдарға жедел талдау жүргізіледі. Бірегей сәйкестендіру жүйесі – пробиркаларды штрих кодтау есебінен үлгілерді кездейсоқ ауыстырумен жоғалтудың мүмкін жағдайлары орын алмайды. Зертхана қызметкерлері 2 жерден: ауыз жұтқыншағынан және мұрын жұтқыншағынан жағынды алу арқылы жүргізеді, бұл тесттің сезімталдығын арттырады. Жағындыларды алу үшін осы мақсатқа арналған вирусологиялық тасымалдау ортасы бар түтікпен жабдықталған зондтар пайдаланылады. Вирус титрін жоғарылату үшін ауыз жұтқыншағынан және мұрын жұтқыншағынан алынған жағындылар бір пробиркаға салынады.

Gamma Lab-тың әлемдік өндірушілердің заманауи және сапалы жабдықтарымен жабдықталған жеке зертханасы бар және клиенттерге 4 сағат ішінде алуға болатын немесе телефон бойынша немесе электрондық пошта арқылы қашықтан білуге болатын жылдам және дәл нәтиже ұсынады. Сондай-ақ нәтижелерді үйге жеткізіп беруге болады.

COVID-19-ға тестілеуден басқа, осы орталықтарда 200-ден астам түрлі қан талдауына тапсыруға болады.

Барлық талдаулар ең сапалы реагенттер мен шығыс материалдарын пайдалана отырып, соңғы буындағы автоматты талдауыштар арқылы орындалады, олар өздерінің диагностикалық қабілетін растады, бұл нәтижелердің жоғары дәлдігіне кепілдік береді және жасанды манипуляциялаумен байланысты қателікке бой алдыру мүмкіндігін болдырмайды. Қан алу үшін тек бір рет қолданылатын вакуумдық жүйелер қолданылады.

Тестілеу орталықтарының, сондай-ақ GammaLab зертханасының қызметі СЭҚ талаптарына және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымдарына сәйкес жүзеге асырылады.

Тестілеу орталықтарына келушілер жоғары сапалы медициналық қызметтер алумен қатар, барлық медициналық персоналдың жылы шырайына ие болады.

Алматы қаласындағы COVID-19-ға тестілеуден өткізудің мобильді орталықтарының және жалпы клиникалық зертханалық зерттеулерге арналған биоматериал алу пункттерінің мекенжайлары:

— Сәтпаев 90/5 көшесіндегі «АДК» ОСО тұрағы;

-12-шағын аудандағы Сац атындағы ЖКТ тұрағы;

— Төле би 285 мекенжайындағы «City Plus»ОСО тұрағы;

-Қазақстан-Британ техникалық университетінің тұрағы;

— Алматы қаласы әуежайының тұрағы;

— 12 шағын ауданы, 22-үй, «Park House» ТК

— Жетісу-1 шағын ауданы, 10-үй

— Айнабұлақ-3 шағын ауданы, 88-үй

Мобильді орталықтардың жұмыс кестесі: күн сайын 8:00-ден бастап 16:00-ге дейін

Талдаулар алу пункттерінің жұмыс кестесі: жұмыс күндері 8:00-ден 17:00-ге дейін, сенбі 8:00-ден 14:00-ге дейін, жексенбі демалыс

Әуежайда COVID-19-ға тестілеуден өткізудің мобильді орталығы тәулік бойы жұмыс істейді

 

Анықтама ретінде:

«GammaLab» диагностикалық зертханасы» ЖШС 2019 жылы Алматы қаласында құрылған.

«GammaLab» зертханасының жетекші әлемдік өндірушілердің заманауи жоғары технологиялық жабдықтарымен жабдықталған және адамның әртүрлі ауруларын диагностикалау үшін 200-ден астам зертханалық зерттеулерді жедел және сапалы орындауды қамтамасыз ететін тәжірибелі және білікті мамандармен жасақталған жеке диагностикалық зертханасы бар.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *