Алматыда 34 этно-мәдени бірлестігі жұмыс істейді

Алматы тек республика көлемінде ғана емес, бүкіл Орталық Азияда экономикасы дамыған ең ірі шаһар санатында екендігі айтылып та, жазылып та жүр. Қазіргі таңда қала халқының саны – 2 миллионға жуықтап қалды. Республика өңірлерінен келіп, нәпақасын тауып жүрген жерлестерімізден өзге, шекаралас мемлекеттерден де жеткен мигранттар шоғырының өзі бір төбе.

Айтайын дегеніміз, қаламызда түрлі ұлт пен ұлыс өкілдері өте көп. Ал солардың басын қосып, ортақ мақсатқа жұмылдырып, мегаполистің экономикасын өркендетуге үлес қостыратын ұйым бар ма? Әрине, бар. Қазіргі таңда қалада 34 этно-мәдени орталықтары жұмыс істейді. Әрбір этнос өзінің тарихын, мәдениетін терең үйренеді. 22 ұлт өкілі Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі. Ассамблеяның алдында тұрған тапсырманы жедел шешу жолында жұмыс істейтін Алматы қаласының ассамблея кеңесі де бар.

Оған барлық этно-мәдени жетекшілері мүше. Сондай-ақ, Алматының 7 ауданында да қоғамдық келісім кеңестері де тұрақты жұмыс істейді. Олардың қатарында «Нұр Отан» партиясының мүшелері,  ұлт өкілдерінің ақсақалдары және Үкіметтік емес көптеген қоғамдық ұйымдардың мүшелері де бар. Қаладағы ҚР Ұлттық кітапханасында ассамблеяның дипозитарийі жұмыс істейді. Онда ұлт өкілдерінің тарихы туралы барлық әдебиеттер бар. Дипозитарий жанында тұрақты көрмелер және жаңа кітаптардың тұсаукесерлері өтіп тұрады.

Қалалық этно-мәдени орталықтары Достық үйінде орналасқан. Жоғары оқу орындарында «Политолог», «Диллема» сияқты жастармен жұмыс істейтін клубтар да ұйымдастырылған. Жуырда ғана осы этно-мәдени бірлестіктерінің жастар қанатынан құралған Республикалық «Жарасым» жастар ұйымы өз жұмысын бастады.

Этно-мәдени ұйымдары басшыларының ұйытқы болуымен тұрмыстық жағдайы төмен отбасыларға да материалдық көмек көрсетіліп отырады. 2013 жылы Мемлекет басшысының Жарлығымен қала әкімінің төрағалығында Алматыдағы халық Ассамблеясының «2020 жылға арналған концепциясы» бекітілді. Сондай-ақ, Ассамблея жанынан ашылған Журналистер клубы да жұмыс істейді. Оның күнделікті қызметі қалалық «Алматы ақшамы», «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланып отырады.

«АҚШАМ-АҚПАРАТ».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *