АЛМАТЫ БИЗНЕСІ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ЖОҒАРЫ ЕКЕНІН КӨРСЕТТІ

41Алматы қаласының әкімдігі «АТФ Банк» АҚ, «Baur Kazakhstan» АҚ және «Қазақстан мен Түркия бизнес өкілдерінің қоғамы (КАТИАД)» ҚҰ-мен 20 млрд. теңге көлемінде ынтымақтастық жөніндегі бірқатар меморандумдарға қол қойды.

Қол қойылған келісімдер аясында спорт клубтары, балалар алаңдары, мектеп жасына дейінгі мекемелер салынып, әлеуметтік деңгейі төмен жандарға көмек көрсетіледі деп жоспарланған.

Шаһар басшысы Бауыржан Байбек мегаполистің әлеуметтік-экономикалық дамуында бизнестің маңызды рөлін атап өтіп, әлеуметтік мәні бар нысандарды салудағы олардың белсенді үлес қосып жатқандарына өз ризашылығын білдірді.

– Біздің мегаполисте түрлі әлеуметтік нысандар салу жөніндегі өтінішімізді жерге тастамай, дер кезінде үн қосқандарыңызға алғысым шексіз. Бүгінгі күні біздің бизнес өзінің әлеуметтік жауапкершілігінің жоғары екендігін көрсетуде. Бұл, әрине, мақтануға тұрарлық жәйт. Бұл жерде әлеуметтік көмекке зәру жандар мен ардагерлер ұйымдарына қолдау көрсету мақсатында үлкен шараларды өткізу туралы әңгіме болып отыр, – деді қала басшысы Б.Байбек.

Мәселен, «АТФ Банк» АҚ-мен жасалған келісім барысында шағын және орта бизнес кәсіпорындарын, тұрғын үй және коммерциялық құрылысты, кәсіпорындардың қуаттылығын арттыруды қаржыландыру үшін жалпы сомасы 19,5 млрд. теңге бөлінеді. Екеуара келісімде әлеуметтік қолдауға зәру жандарға көмек көрсету үшін 112,2 млн. теңге бөлінетіндігі де көрсетілген. Бұдан өзге, қаланың бір ауданында жалпы құны 10 млн. теңге болатын балалардың спорт алаңы да салынады.

Ал, «Baur Kazakhstan» АҚ-мен жасалған меморандум аясында қаланың Медеу ауданында 120 орынды балабақша салынып, кейін ол қаланың коммуналдық меншігіне өтпек. Бұл жобаның жалпы құны – 392,6 млн. теңге.

«Общество бизнесменов Казахстана и Турции (КАТИАД)» ҚҰ-мен арадағы келісім аясында қаланың бір ауданында қайырымдылық және әлеуметтік қолдау шаралары жүзеге асатын болады. Сондай-ақ, аула ішіндегі балалар алаңдары жөнделеді, бұл үшін 21 млн. теңге бөлінеді. Осы келісім аясында түрік бизнесмендерін Алатау ауданындағы Индустриалды аймақта тамақ өнеркәсібі зауыттарын салуға тарту қарастырылған.

Естеріңізге сала кетейік, бұрындары Алматы әкімдігі «Казкоммерцбанк» АҚ, «Астана Банк» АҚ және «Автогаз Трэйд» ЖШС меморандумдарға қол қойған болатын.

«Ақшам-ақпарат»

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *