Алматы қаласының көлемі ұлғайып жатыр

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласының шекарасын өзгерту туралы Жарлыққа қол қойды

550«Қазақстан Респуб­ликасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес Алматы қаласының шекарасы өзгеріп, қала аумағына облыстың біраз жерлері кіргізіледі», – делінген Жарлықта.

Алматы қаласының шекарасы жалпы аумағы 23200 гектар жерге кеңімек. Алматы облысына қарасты Іле ауданынан 604,6 гектар, Қарасай ауданынан 16069,7 гектар және Талғар ауданынан 6525,7 гектар жер қалаға беріледі.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматыны Астанамен тең дәрежеде дамыту қажет екеніне үнемі көңіл бөліп келеді. Алматы өзінің экономика, шағын және орта бизнес, қала құрылысы саласындағы көшбасшылық қабілетін әлі күнге сақтап отыр.

Алматы қаласы көлемінің ұлғаюына қатысты қаржы мәселесі облыстық және қалалық бюджет үшін де тиімді шешілмек. Жаңадан қосылған аймақта өндіріс орындары ашылып, жұмыс орындары пайда болып, мемлекет қазынасына едәуір табыс түспек. Қалаға қосылатын жерлердегі елді-мекендерді қала тіршілігіне бейімдеу – газдандыру, қосымша электр желілерін тарту, жолайрықтарының құрылысын жүргізу көп жылдан бері жүзеге асырылып келеді.

Алматыға елді-мекендердің қосылуы облыстық құқық қорғау орындары үшін де тиімді көрінеді. Талдықорғандағы Ішкі істер департаменті Алматыдан 250 шақырым қашықтықта орналасқан. Полиция құрылымын алыстан емес, жақыннан басқару әлдеқайда тиімді.

Картаны www.almaty.kz сайтынан қарай аласыздар.

«АҚШАМ-АҚПАРАТ».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *