АЛМАТЫҒА ӘЛЕМДІК ДОДА ҚАЙТА ОРАЛДЫ

Мұздағы мотожарыстан жеке әлем чемпионатының финалы Алматы әкімдігінің қолдауымен Медеуде өтеді

2019 жылдың 2-3 ақпанында Медеу мұз айдынында Халықаралық мотоцикл федерациясы (FІM) күнтізбесі аясында спидвэйден (мұздағы мотоцикл жарыстары) 2019 жылғы жеке әлем чемпионатының алғашқы финалы өтеді. Әлемдік біріншіліктің алматылық кезеңінде Қазақстан, Австрия, Швеция, Ресей және Германиядан келген 18 «мұз гладиаторы» бақ сынайды.

Нұрлан  СҮЙІН

2015 жылдан бастап ҚР Автомо­тоспорт федерациясы Алматы қаласын­дағы аты аңызға айналған Медеу мұз айдынында үш рет және Астана қала­сындағы Алау жабық мұз сарайының аренасында бір рет финал­дық кезеңді сәтті өткізген-ді. 2019 жылғы жеке әлем чемпионатының финалы алма­тылық жанкүйерлер үшін төртінші және қазақстандық ұйымдастырушылар үшін бесінші болмақ және ұйымдастыру­шылар оңтүстік астананың тұрғындары мен қонақтары жылдамдыққа, құмар­лыққа және адреналинге толы мұз гладиатор­ларының шайқасына үлкен қызығушылық танытады деп үміттенеді.

Биыл мұздағы мотожарыс бойынша жеке әлем чемпионаты бес финалда өтеді. Жеке біріншіліктің бірінші кезеңі Қазақ­станға тапсырылды, екінші кезең Ресейдің Шадринск қаласында өтеді, содан кейін шабандоздар Германия мен Нидерландқа жарысқа қатысуға аттана­ды. Әлем чем­пионатының коман­далық есептері Ресейдің Тольятти қаласында өтеді, оған әлемдік спидвэй тарихында алғаш рет қазақ­стандық мұз гладиатор­лары қатысады.

Қазақстан намысын додада тәжіри­белі отандық спортшылар Владимир Чеблоков пен Денис Слепухин қорғай­ды, сондай-ақ Риддер қаласының жас талантты райдері Сергей Серов wіld-карта бойынша биыл әлем чемпиона­тының алматылық кезеңінде бақ сынау­ға жіберілді (Wіld card  – спид­вэйден әлем Чемпионаты кезеңін өткізуші елге жарысқа қатысуға берілетін шақыру).

– Спидвэйді дамыту және дәріптеу – қиын еңбек, алайда халықаралық дең­гей­дегі жарыстарды өткізу арқылы қажет­ті ұйымдастырушылық және спорттық әлеу­етті жинақтауға мүмкіндік бар, ол Қазақ­станға техникалық спорт түрлерін дамыту деңгейін одан әрі арттыруға көмек­теседі. Медеудегі спид­вэйден әлем чем­пиона­тының финалдық сериясы – бұл қазақ­стандық спортшы­лар үшін Ресейдегі коман­далық чемпио­наттың алдында әлем­нің ең мықты спорт­шыларымен өз жерінде күресудің, ал жанкүйерлер үшін мұздағы қызықты және тартысты жарыстардан ұмытылмас әсер алудың кезекті бірегей мүмкіндігі, – дейді ҚР Автомотоспорт феде­­рациясының прези­денті Марат Әбіқаев.

Атап өту керек, ұйымдастыру­шылар­дың жинаған тәжірибесі мен кәсібилігі, FІM арнайы комиссиясының жоғары талап­тарына жауап беретін қажетті инфрақұ­рылым, елімізде сәтті өткізілген бірқатар финалдар Қазақ­станның Авто­мотоспорт федерациясына Халықаралық мотоцикл спорты федера­циясымен ын­тымақтастықты нығайтуға және алдағы жылдары мұздағы мото­жарыс бойынша әлем чемпионатының кезеңдерін өткізу құқығын өзіне қалдыруға мүмкіндік берді.

Қазіргі уақытта Медеу мұз айды­нын­да әлемдік деңгейдегі жарыстарды өткізу бойынша дайындық жұмыстары жүріп жатыр, атап айтқанда мұздың қажетті қалыңдығы ұлғайтылуда, сондай-ақ спорт­шылар мен механиктер үшін қауіп­сіздік және техникалық аймақ кедергі­лерін салу жұмыстары жүргі­зілмек. Жақын арада FІM халықаралық мото­цикл федерациясының арнайы комис­сиясы 1-финалды өткізуге қажетті биік таулы мұз айдынының барлық инфра­құрылымын тексеріп, тректің дайындық дәрежесін әлемдік стандарт­тардың барлық талаптары бойынша баға­лайды.

Медеуде өтетін спидвэйден жеке әлем чемпионаты финалының Бас серік­тестері – «Самұрық-Қазына» ұлт­тық әл-ауқат қоры, Қазақстан Респуб­ликасы Мәде­ниет және спорт министр­лігі мен Алма­ты қаласының әкімдігі, сондай-ақ, «Амитех Астана» компа­ниясы және «Бар­даль» сауда маркасы­ның қолдауы­мен өтеді.

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *