Алмалылық тәртiп сақшылары республикалық жүлденi жеңiп алды

Айнабай МӘДИ

ҚР Iшкi iстер министрлiгi жариялаған  аумақтық (учаскелiк) полиция бөлiмшелерiнiң арасындағы байқауда бiрiншi орын Солтүстiк Қазақстан облысының аумақтық полиция пунктiне берiлiп, екiншi жүлденi Алматы қаласы Алмалы ауданы аумағындағы №12 полиция бөлiмшесi жеңiп алды. Ал, үшiншi орын павлодарлық қоғамдық тәртiп сақшыларына бұйырды.

Байқаудың барлық шартынан табылып, «Жүзден жүйрiк, мыңнан тұлпар шығып» топ жарған үлгiлi аумақтық полиция бөлiмшесi Құрманғазы көшесi, 88-үйде (Масаншы көшесiмен қиылысы), Қазақ көлiк және коммуникация академиясы жатақханасының бiр бүйiрiнде орныққан.

– «Қызмет ет, мiндет ет» деген тамаша қағида бар. Солай демекшi, қызметiмiздi ескерген болар, академия басшылығы да бiздiң алаңсыз жұмыс iстеуiмiз үшiн тиiстi жағдай жасауда. Оның үстiне, қоғамдық тәртiптi сақтау – ортақ мүдде, сондықтан төңiректегi тыныштықты сақтауға академия студенттерiнiң қосып жүрген үлесi қомақты. Алдағы кезеңде де жас көмекшiлерiмiзбен бiрге тыныштықты сақтайтын боламыз, – дейдi Алмаы аудандық IIБ №12 аумақтық полиция бөлiмшесiнiң инспекторлары.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close