ҚАЛДЫҚ ТА ҚАЗЫНАҒА АЙНАЛАДЫ

Coca-Cola компаниясы Қазақстанда ПЭТ-қалдықтармен күреспек

Нұрлан СҮЙІН

Қазақстан астанасында өтіп жатқан қалдықтарды басқару және «жасыл» энергия саласын дамыту мәселелеріне арналған ІV Еуразиялық «Green Energy & Waste Recyclіng Forum–GEWR’19» бизнес-форумы аясында Coca-Cola компаниясы форумның ұйымдастырушысы «KazWaste» қалдықтарды басқару жөніндегі қазақстандық қауымдастықтың қолдауымен Әлеуметтік Тұрақты Даму орталығымен бірлесіп жүзеге асырылатын «Пластикті қайта өңдеуге «ИӘ» деп айт» жобасының бастау алғаны туралы хабарлады. ӘТД орталығы – қоршаған ортаны қорғау саласында оқыту және біліктілікті арттыру бойынша Қазақстандағы жетекші ұйым.

«Пластикті қайта өңдеуге «ИӘ» деп Айт» жобасы үш жылға есептелген және «The Coca-Cola Foundatіon» халықаралық қайырымдылық қорының қаржылық қолдауымен жүзеге асырылатын болады. Бұл жобаның мақсаты –Coca-Cola компаниясының «Қоқыссыз әлем» жаһандық бастамасын іске асыру шеңберінде пластикалық қалдықтарды одан әрі өңдеу үшін жинау үлесін арттыру.
«Пластик – құнды материал, ол жинау және қайта өңдеу кезінде бірнеше рет қайта қолданылуы мүмкін. Осыған байланысты Coca-Cola проблеманы шешуге түбегейлі жақындап, 2030 жылға қарай өз орамасының 100% эквивалентін жинаумен өңдеуде жәрдем көрсетуге ниетті. Бұл бастаманы жүзеге асыру әлемнің барлық елдерінде, соның ішінде Қазақстанда да пластик қалдықтарды жинау мен одан әрі өңдеуге қатысты тиімді шаралар қабылдауды талап етеді», – деп атап өтті Орталық Азия мен Кавказ елдеріндегі Coca-Cola компаниясының корпоративтік байланыстар және коммуни¬кациялар жөніндегі менеджері Александра Аккирман.
2018 жылы Шымкент маңында пластикті қайта өңдеу зауыты пайдалануға берілді, сондай-ақ, Алматыда тамаққа пайдалануға арналған ПЭТ-түйіршіктер өндіру зауытының құрылысы жоспарлануда. Дейтұрғанмен, пластикалық қалдықтарды жинау және тасымалдау мәселесі өте өзектілігін сақтауда. Өндірушінің кеңейтілген міндеттемелерінің қолданыстағы жүйесі ел бойынша барлық пластикті тиімді жинауға мүмкіндік бермейді, ал өндіруші компаниялар Қазақстанда қалдықтармен жұмыс істеудің тиімді жүйесін қалыптастыруға елеулі үлес қоса алады.
«Пластикті қайта өңдеуге «ИӘ!» деп Айт» жобасы аясында біз халықтан пластикалық қалдықтарды жинау және оларды тасымалдау жөніндегі пункттер желісін дамытуға жәрдемдесуді, тікелей сауда орындарында пластикалық қалдықтарды бөлек жинауды ұйымдастыру тұрғысынан ритейлермен ынтымақтасуды, қазақстандықтарға пластик пен ластанудың біздің ғалам¬шарымыздағы қаупі қандай және осы ластанумен күреске өз үлесімізді қосу үшін біздің әрқайсымыз не істей алатынын айтуды жоспарлап отырмыз. Біз сондай-ақ, пластикалық қалдықтарды жинау және қайта өңдеуге беру бойынша тұтынушыларға қойылатын талаптарға қатысты ҚР заңнамасын жетілдіру, осы талаптарды сақтамағаны үшін жауапкершілікті күшейту бойынша ұсыныстар әзірлеуге ниеттіміз», – деп атап өтті «KazWaste» қалдықтарды басқару жөніндегі қазақстандық қауымдастығының атқарушы директоры Вера Мұстафина.
Жоба Алматы, Шымкент, Қарағанды, Қостанай және Павлодар қалаларында қалдықтарды қайта өңдеу орталықтары бар Қазақстанның оңтүстігін, шығысын, орталығы мен солтүстігін қамтиды. Қалаларды таңдау бірінші кезекте, олардың географиялық орналасуымен байланысты, ол бүкіл Қазақстанды қамту мүмкіндігін құруға мүмкіндік береді. Екіншіден, бөлек жинаудың салыстырмалы түрде дамыған жүйесі бар ірі қалаларда жинау орталықтары желісін құру бұл желіні тұрақты етуге және осы қалалардың базасында алдағы уақытта жинауға жақын орналасқан қалалар мен ауылдық елді мекендерді тартуға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, форум аясында «Пластикті қайта өңдеуге «ИӘ!» деп Айт» жобасының басталуына арналған «Coca-Cola Іcecek» компаниясы – Coca-Cola компаниясының сусындарын құю және сату жөніндегі әріптесі, «KazWaste» қауымдастығы және қайта өңдеуші «Green Technology» компаниясының арасында үш жақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Меморандумның мақсаты – Қазақстанда ПЭТ-қалдықтарды жинау және өңдеу бойынша бірлескен жұмысты жүзеге асыру болып табылады. Құжатқа сәйкес, тараптар қалдықтарды жинау мен қайта өңдеуді ұлғайтып, түзілетін қалдықтарды барынша өңдеуге және қайталама шикізаттан өнім өндіруге бағытталған ең озық қолжетімді технологияларды енгізуі тиіс. Бұдан басқа, меморандумға қатысушылар Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын қалпына келтіру мен қорғауға бағытталған шараларды әзірлеуге және іске асыруға жәрдемдеспек, оның ішінде рұқсат етілмеген орындар және қалдықтарды бірлесіп жинауға арналған контейнерлерге ПЭТ-қалдықтардың шығарыл¬уын болдырмау және тоқтату жөніндегі іс-шаралар бар.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *