Алатаудың аналары ардақталды

Алатау ауданының әкімі Азамат Қалдыбеков  ауданның «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлерін марапаттады.  Аудан басшысы ҚР Президенті Жарлығына сәйкес, ауданның 38 көпбалалы аналарын жинап, өзінің  жылы лебізін білдіріп, марапаттарын тапсырды.

– «Әке – ұлды тәрбиелейді, Ана – ұлтты тәрбиелейді» деп бабаларымыз айтып кеткендей, сіздер  «Бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербетіп» жүрген асыл жансыздар. Сол себепті, сіздер қандай құрметке болса да лайықсыздар. Қай кезде де аман-есен гүлдей жайнап жүре беріңіздер, – деді Азамат Бескемпірұлы.

Аудан басшысы алтын құрсақты аналарға гүл шоқтарын ұсынып, медальдар мен куәліктерін табыстады.  Жиналған 38 ананың 7-еуі алтын, 31-і күміс алқа тағынды.

Жалпы, Алатау ауданында бес мыңнан астам көпбалалы ана бар. Олардың 462-сі «Алтын алқа» иегері болса, 840-ы ана «Күміс алқамен»  марапатталған.

 

«Бақытты отбасы – Алатау» әлеуметтік орталығы

Ауданда мемлекеттік бағдарламалар іске асуда

2019 жылдың тамыз айында ауданның аз қамтылған және көпбалалы отбасыларына арналған «Бақытты отбасы – Алатау» әлеуметтік орталығы ашылған болатын. Өткен жылы 6 228 адам тұлғалық өсу, балаларды тәрбиелеу, көшбасшылық, отбасылық құндылықтар бойынша базалық тренингтерге қатысты, 2 752 әйел мотивациялық курстардан өтті.

Сонымен қатар, 162 адам клинингтік компаниялар, сұлулық салондары, асханалар, дәмханалар, жекеменшік балабақшалар сияқты салалар бойынша  жұмысқа орналасты.

Орталықта жұмыссыздық деңгейін төмендетуге, тұрмысы төмен және көпбалалы отбасыларға өмірлік қиын жағдайдан шығуға көмектесетін  «ІSKER ANA» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Аталған бағдарлама бойынша 136 көпбалалы ана киім жөндеу, кондитерлік іс, шаштараз, маникюр ісі, балаларға арналған дамыту кітапшаларын дайындау, автомобиль қаптарын тігу сияқты өз бизнесін ашты.

Сондай-ақ, «Менің кәсібім» жобасы бойынша 11 көпбалалы әйел тігін машиналары, пештер, тоңазытқыштар, маникюрге арналған құралдар және т.б.  қажетті тауарлар мен керек-жарақтармен қамтамасыз етілді. Аудан бойынша бүгінгі күні 147 ана өз бизнесін жүргізуде. «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы арқылы 193 көпбалалы ана «Бизнес Бастау» жобасы бойынша оқудан өтті, оның ішінде 127 әйел бизнесті ашуға және дамытуға 200 АЕК (505 мың теңге) көлемінде грант алды.

Курстарда оқимын және өз кәсібін ашу бойынша кеңес аламын деген азаматтарды «Атлетикалық ауыл» ықшамауданында Алатау ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығына қарама-қарсы,  «Нұркент»  ықшамауданы, 5, 25-корпус, 2 -қабат мекен-жайы бойынша күтеміз.

 

Жұлдыз СМАЙЫЛОВА,

Алатау ауданы әкімдігінің сайт редакторы.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *