Қалайша жемқорлықсыз өмір сүруге болады?

40Қалайша сыбайлас жемқорлықсыз өмір сүруге болады? Бұл сұраққа алматылық  жұртшылық өкілдері, азаматтық қоғам өкілдері мен барша қауымға арналған бірінші жалпыреспубликалық жемқорлыққа қарсы мектебінің ашылу рәсімінде жауап тапқандай. «Ашық есік күні» аясында  «Транспаренси Қазақстан» қоғамдық қоры Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігімен (қаржы полициясы), Қаржы полициясы академиясымен, «Тұран» университетімен, ҚР Жоғарғы оқу орындарының қауымдастығы мен «Нұр Отан» Алматы қалалық филиалының жемқорлықпен күрес жөніндегі қоғамдық кеңесімен бірлесіп, бірден-бір жаңашыл түрдегі бағдарлама – тыңдаушыларға жемқорлыққа қарсы қолданбалы әдістер мен оларды іске асырудың бірыңғай кеңестерін ұсынды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мектеп жемқорлыққа қарсы теория мен тәжірибені ілгері дамытуды көздейді. Жеті күн ішінде мектеп тыңдаушылары жемқорлыққа жол бермеу мәселесінің білікті мамандары: мемлекеттік органдар өкілдерімен, бизнесмендер мен ғалымдармен ортақ жұмыс істеу мүмкіншілігін иеленді. Бұл ретте жемқорлыққа қалайша тиімді төтеп беру жайлы нақты мысалдар қарастырылды. Жемқорлыққа қарсы мектептің бағдарламасы теория мен тәжірибелік курстарды қамтиды: жемқорлықты зерттеу, мемлекеттік сала, бизнес саласы мен жемқорлыққа жол бермеудегі азаматтық қатысу тәрізді төрт модульдан тұрады.

– Мектептің тыңдаушылары Алматы қаласы қаржы полициясына экскурсияға келді. Шара барысында қаржы полициясы қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы өткізетін жедел іс-шараларының бір күні жөнінде бейнеролик көрсетіліп, жұмыстың нәтижесі баяндалды. Жемқорлыққа қарсы мектеп тыңдаушылары алматылық қаржы полициясының күнделікті жұмысымен танысты, – деп мәлімдеді  Алматы қалалық ЭҚСЖКД-нің баспасөз қызметі.

Айнабай МӘДИ

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *