Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев – қадамдық қолжетімділік бойынша медициналық қызмет көрсететін 39 медициналық ұйым салынады

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев есептік кездесуде тұрғындардың денсаулық сақтау ұйымдарының қадамдық қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін қолданып жатқан шаралары туралы сұрақтарына жауап берді.

“Медициналық қызметтер қадамдық қолжетімділікте болу керек. Бұл әр ықшамауданда 300-500 ауысыммен қабылдайтын өз емханалары болуы тиіс дегенді білдірмейді. Бұл мүмкін емес. Десе де, негізгі медициналық қызметтер халыққа жақын, қолжетімді болуы тиіс”, — деді қала әкімі.

Осы тектес жергілікті медициналық ұйымдарды тұрғын үйлердің бірінші қабаттарына орналастыруға болады.

Қала әкімі 2021 жылға дейін осындай 39 медициналық пунктің құрылысы жоспарланғанын хабарлады. Мұнда тұрғындар медициналық қызметтер ала алады. Жалпы тәжірибелік дәрігерлер жұмыс істейтін болады. Қажетті медициналық жабдықтармен қамтамасыз етіледі. Қажет болған жағдайда тұрғындар қалалық емханалардағы тар ауқымды мамандарға бағытталатын болады. Айта кету керек, халықтың ресми саны 1,8 млн-нан астам адам болған жағдайда қала емханаларына 110 мыңға жуық пациент тіркелген.

Медициналық көмектің қадамдық қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында 2019 жылы 11 медициналық ұйым ашылды. Оның ішіндегі біреуі Түрксіб ауданындағы Алтай ықшамауданында салынды.
2 денсаулық сақтау нысаны – №2 қалалық балалар клиникалық ауруханасы жанындағы консультативтік-диагностикалық орталық және радиологиялық корпус салынып, пайдалануға берілді. Өткен жылы 38 бірлік жедел жәрдем көліктері, 98 бірлік медицина құрылғысы сатып алынды.

Медицина қызметтерінің сапасын арттыру мақсатында қаланың барлық медициналық мекемелерінің аудиті жүргізілді. Медициналық ұйымдарда 30 мыңнан астам медициналық құрал-жабдықтар бар. Оның 10,9 мың жабдығы ескірген. Осыған байланысты әрбір медициналық ұйым мен ауданда медициналық жабдықтарды жаңарту бойынша үш жылдық жоспар дайындалды. Мысалы, ағымдағы жылда 78 жедел жәрдем көліктерін сатып алу жоспарланған.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *