Алғысым шексіз

Менің  жасым сексен жетіде. Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген тыл ардагерімін.  «Отыз екі тістің қадірін қақсағанда білерсің» демекші,  тістің қадірін мен  де қартайып, аузымда тоғыз тісім қалғанда білдім. Тісі жоқ адамның күні өздеріңізге белгілі ғой. Ардагерлерге жеңілдік бар болғанмен, қазір өзі тіс емдету тым қымбат. Осылай не істерімді білмей қиналып жүргенімде, бір танысым маған  Шевченко көшесі  мен Назарбаев даңғылының қиылысында орналасқан «Достық-стом» тіс емдеу клиникасында қызмет істейтін тіс дәрігері, ортопед  Яша  Васипович Ибрагимов  деген дәрігерге бару жөнінде кеңес берді. Танысымның айтуы бойынша Яшаға келдім. Мың болғыр, айналасы бір аптаның ішінде жарамсыз тістерімді жұлып тастап, түбі мықты тісімді емдеп,   алмалы-салмалы тіс протезін салып берді. Яшаның жасап берген 13 жасанды тісіммен қазір қалаған  тамағымды жеп, ішіп жүрмін.

Яша Васиповичке  және оның ұжымына шексіз  ризашылығымды білдіріп, алғыс айтамын. Алда келе жатқан медицина қызметкерлерінің күні құтты,  еңбектерің жемісті болсын!

 

 С.Әбдірахманов,

 тыл ардагері, зейнеткер.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *