Қайта адаспас үшін еңбек ет

Нұржамал ТЕГІНБАЙҚЫЗЫ

 

Қазақстандағы  бас бостандығынан айрылғандардың кейінгі кездері  түрмеден көптеп шығуларына байла­нысты олардың өмірге адаптацияла­нуы, жұмысқа орнала­суы әлеуметтік мәселеге айналуда. Бұл арнаулы жа­уап­ты орындарды бірлесіп жұмыс істеу­ге жұмылдыруда.

 

Әйтсе де, көп жағдайды темір тордан шыққан, арнаулы әлеуметтік мәртебесі жоқ, еңбек етуге кәсіби дағдыланбаған азамат немесе азамат­ша­ның қоғамдық өмірге оралуы қиынға соғып жатады. Кей жағдай­ларда олар қайта қылмысқа барып жатқандар да бар…

Осындай мәселенің алдын алу үшін Алматы қалалық Жұмыспен қамту орта­лығы ЛА-155/18 Алматы қаласы бойынша  Қылмыстық атқару жүйесі департа­ментінің тәрбиелік бөлімінің ұйымдасты­руымен «Қақпа алдында қарсы алу» атты әлеуметтік жоба аясында іс-шара өткізді. Әлуметтік жобаға Қазақстан Республика­сындағы бас бостандығынан айыру орында­рынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалтудың 2017-2019 жылдарға арналған кешенді жоспары негіз болды.

Бұл іс-шараның басты мақсаты – түрмеден босатылғандар атқару және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе отырып әрі қарай жұмысқа тұруына көмектесу, қоғамдық өмірге араласып кетуіне көмектесу.

Кездесуге шақырылған Алматы қаласы Жұмыспен қамту орталығы маманы Н.Айнақұлова мен Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасы эксперті Ж.Естаев, «Нәтижелі жұмыс­пен қамтуды және жаппай кәсіпкер­лікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Бағдарламаға сай, бостандыққа шық­қан азамат Орталыққа келіп тіркелуге міндетті екендігіне баса назар ауда­рылды. Тіркелген азаматқа немесе азаматшаға тұрақты жұмыс таппаған жағдайда,  мемлекет тарапынан ұсы­ны­лып отырған белсенді шараларға қатысу мүмкіндігі бар екендігі айтылды. Сонымен қатар, бағдарлама шеңберінде Қазақстан Республикасы азаматтары Үкімет шешіміне сай («Оралмандар мен қоныс аударушы­ларды қоныстандыру үшін өңірлерді айқындау туралы» 2016 жылы 18 ақпан №83 қаулысы) жұмыс күші тапшы облыстарға қоныстануға мүмкіндігі бар екендігі айтылды. Қоныс аударған жағдайда  баспана мен жұмысқа орналасу бойынша мемлекет тарапы­нан қолдау көрсетілмек.

Аталған іс-шаралар бостандыққа шыққан әрбір азаматтың немесе азамат­ша үшін қоғамда, отбасында өз орнын тауып кетуіне көмектесетініне үміттенеді.

Алматы қалалық Жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері жазасын өтеп жатқандарды қайта адаспас үшін еңбек етуге шақырды. Өмірден өз орнын тауып, қоғаммен етене арала­суына мүмкіндік беретін болады.

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close