АДАМ ЖАНЫНЫҢ ЗЕРГЕРІ

Президенттің Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі отырысында сөйлеген сөзіне орай

Сәбит ОРАЗБАЙ, Қазақстанның
халық әртісі, Қазақстан Мемлекеттік
сыйлығының лауреаты:


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында сөз сөйлеп, Ұлттық кеңес мүшелерінің ұсыныстары негізінде жасалған әлеуметтік салаларды реформалауға арналған маңызды бастамалар жөнінде айтты.
Еліміздегі барлық ебек саласы қамтылды. Әсіресе, медицинадағы кемшін тұстар, қиындықтар назардан тыс қалмады. Коронавирус пандемиясы бүкіл әлемдегі денсаулық сақтау жүйесі үшін, шын мәнінде, ауыр сынақ болды. Бұл ахуал елімізде кәсіби дәрігерлердің тапшы екенін анық аңғартты. Бұған еңбекақының аздығы, мамандықтың беделді болмауы, дәрігерлер құқының қорғалмауы себеп болып отырғанын, сала мамандары ішінде ең төмен жалақыны дәрігерлер алатынын жасырмады.
«Үкіметке биылдан бастап дәрігерлердің еңбекақысын кезең-кезеңмен арттыруды тапсырамын. Олардың айлығы экономикадағы орташа жалақыдан 2,5 есе артық болуы керек. Бұл көрсеткішке 2023 жылға қарай қол жеткізу қажет. Осы күрделі кезеңде баршамыз медицина мамандарының қажырлы еңбегіне куә болдық. Алдағы 5 жылда мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелерін медициналық техникамен 100 пайыз қамтамасыз етуіміз керек.
Сонымен қатар жаңа ауруханалар салу қажет. Жұмыспен қамту жол картасының аясында биылдың өзінде 24 жаңа денсаулық сақтау нысаны пайдалануға беріледі. 2025 жылға қарай мемлекеттік бағдарлама бойынша 20 ірі клиника салынады…» деп атап көрсетті Мемлекет басшысы.
Аталмыш құрылыс мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізінде жүзеге асырылады.Үкімет пен әкімдер бұл тапсырманы мүлтіксіз орындауға тиіс.
Бүкіл әлемде пандемия қайта өршіп кетуі де мүмкін. Сол үшін, жұқпалы ауруларды емдейтін клиникалардың барлығын халықаралық стандарттарға сәйкестендіру керек екені де Президент назарынан тыс қалмады..
Жасыратыны жоқ біздің еліміз импортқа өте тәуелді. Шет елден келетін дәрілердің нарықтағы үлесі 88 пайызға жуық. Фармакологиялық зерттеулер жүргізу үшін тәжірибеміз жеткілікті. Ғылыми база да, білікті мамандар да бар. «Сондықтан Үкімет дәрі-дәрмек өндірісінің біртұтас жүйесін құруы қажет. Мұнда зерттеу жүргізуден бастап, өнеркәсіптік деңгейге дейінгі үдерістер қамтылуға тиіс. Фармацевтика саласындағы саясат ішкі сұранысты қамтамасыз етуге, озық технологияны тартуға және импортты алмастыруға бағытталғаны жөн», деп Қасым-Жомарт Тоқаев қадап айтты. Осы орайда бір қуанарлығы, енді фармацевтика және медицина өнеркәсібі саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру міндеті Денсаулық сақтау министрлігіне берілетін болды. Бұл ретте, саланы дамыту және халықты тиімді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің тепе-теңдігі бұзылмауы керек. Мен ұзақ жылдан бері науқастығыма байланысты дәрігерлермен көп қатынаста болатын адаммын. Ілгеріде бір үлкен құс фабрикасының бас диреторы жиналыста жаны қысылғанда: «мен тауық сияқты жұмыртқа таппасам да, жұмыртқаның қадірін тауықтан артық білемін» деген екен. Сол сияқты мен де дәрігер мен дәрінің қадірін солардың өздерінен артық білемін.
Дәрігер ажал арашашысы ғана емес, сол ажалдың алдын алушы да. Адам жанының зергері.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close