«… АДАМҒА ИМАН ӨЗІ АШАДЫ ЖОЛ»

2275Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы «Хабар» агенттігінің «Көзқарас» бағдарламасына тәрбиелік мәні зор сұхбат берді.

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы жарты сағаттық кездесу кешінде елімізде жүргізіліп жатқан діни жұмыстар туралы сөз етіп, сонымен қатар біршама мәселелерге тоқтала өтіп, бұрын-соңды көңіл бөлінбеген дін мен дәстүрге қарқынды шаруалар жасалып жатқанын баяндады. Мүфти хазірет ақсақалдарымыз бен әжелерімізге жыл сайын кіші қажылыққа бару мүмкіндігін сыйлап, осы үрдісті жалғастыруға ниетті екенін айтты. Бұл сауапты іс қазақ жастары үшін өскелең ұрпаққа өнеге.

Сұхбат төңірегінде аз әңгімелер қозғалған жоқ. Мұның ішінде діни ағымдарға байланысты пікірлер де айтылды. Ержан қажы мұндай зиянды ағымдардан қазақ жастарымызды аман сақтау үшін діни сауаттылықты арттыру, ақпараттандыру керектігін тілге тиек етті. Көп жағдайда қазір діни сауаттылықты арттыруға халық үреймен қарайды. Мұның барлығы ағымдардан қалған қорқыныш деп айтсақ та болады. Дұрыс ақпаратпен қамтамасыз етілген адам тура жолдан адаспайды. Ал тура жолдағы қоғамнан бейбітшілік пен тыныштық кетпейді. Қазақтың асыл салт-дәстүрі мен ислам діні ғасырлар бойы тығыз байланыста болып, бірге жасасып, біте қайнасқанын жасыра алмаймыз. Ұлтымыздың бітім болмысында ислам дінінің тәрбиесін, мақал-мәтелдеріндегі рухани үндестікті, сабақтастықтың бар екенін қазақ жұрты жақсы біледі.

Ойымызды түйіндей келе, Бас мүфти сұхбатының салмағы зор және тәрбиелік сипаты басым екенін айтқымыз келеді. Хакім Абай: «Пенде болсаң алдымен иманды бол, адамға Иман өзі ашады жол» деп исламнан алыстамаған. Бас мүфтиіміздің ел-жұрт алдындағы риясыз еңбегіне табыс тілейміз. АллаТағала дінімізге берік етіп, дәстүрімізден таймауымызды жазсын.

Дүйсебай РАЙЫМҚҰЛОВ, «Таугүл-3» мешітінің тұрақты жамағаты. Әуезов аудандық 4-жергілікті өзін-өзі басқару комитетінің төрағасы.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *