Адалдықты мұра еткен ұлы тұлға ұрпағы

 

Бақыттың мәні — парасаттылықта, әркімнің өз алдында игілікті мақсат қоя білуінде… адамның өз мінез-құлқын, іс-әрекетін ерікті түрде өзгертіп, игілікке бағаттап отыруында дейді ғұлама

Әл – Фараби.

2020 жылдың 18 мамырында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен барлық білім беру мекемелерінде республикалық «Адалдық сағаты» акциясы ұйымдастырылды.

 Іс-шараның басты мақсаты – рухани құндылық­тарды жоғары қоятын парасатты, саналы жастарды қалыптастыру.

«Адалдық сағаты» акциясы барысында мектеп оқушылары, отбасыларымен бірге тәрбиелік мәні бар, өскелең ұрпақ арасында адалдық мәдениетін қалыптастыру қағи­далары, әділ және адал еңбек ету, рухани-адамгершілік құндылықтар туралы ақпараттар алды.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі тоқсан сайын өскелең ұрпаққа парасатты қоғам идеологиясын насихаттау мақсатында «Парасат сағаты» республикалық акциясын өткізіп келеді. Агенттік бұл жолғы «Парасат сағаты»  қашықтық форматында өткізді.

«Акция аясында бүгін Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай  «Адалдықты мұра еткен ұлы Абай» тақырыбындағы парасат сағатына Алматы қаласы, Алатау ауданы № 180 жалпы білім беретін мектептің 9-11 сынып оқушылары, отбасыларымен бірге тамашалады.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым – Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында: «Абайды білу – өзіңді тану. Өзін-өзі тану және адамның тұрақты дамуы, ғылым мен білімнің басымдығы – жетілудің көрінісі. Бүгінде Абайдың сөзі жас ұрпақтың бағдары болуы тиіс», – деп атап өтті Мемлекет басшысы.

. «Парасат­­тылық дегеніміз не?» деген сұраққа ұлы ойшылдың «Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» деген нақыл сөздерімен мысал келтіріп,

«Адалдық сағаты» республикалық акциясы аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жастар арасында адалдық, парасаттылық қағи­дат­­тарын насихаттаумақсатында атқарылып жатқаніс-шараларының тәрбиелік мәні өте үлкен.

 

Дәулетбек Ләззат Байшымырқызы, Алматы қаласы, Алатау ауданы

№180 жалпы білім беретін мектеп директоры

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *