АБЫРОЙЫ АСҚАН АЛМАЛЫ

Жасұлан ЕСТЕНОВ, Алмалы ауданының әкімі

%d0%b0%d0%ba%d0%b8%d0%bc-%d0%b0%d0%bb%d0%bc%d0%b0%d0%bb%d1%8b

Ауданда өнеркәсіп қарқынды дамуда

2017 жылы салық түсімі 344,8 млрд. теңгені құрап, 2016 жылмен салыстырғанда өсу деңгейі 139% немесе 96 млрд. теңгеге артық болды.

Қаңтар–қараша айларында өнеркәсіп өнімдерінің физикалық көлемінің индексі – 103,4% құрады немесе 119,8 млрд.теңге, негізгі капиталдағы инвестициялар көлемі 120,8% немесе 85,6 млрд.теңгені құрады, құрылыс-монтаждық жұмыстар көлемі 109,9% немесе 30  млрд. тенгені құрады.

Орташа айлық жалақы 184 316 теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8% жоғары. 4398 жұмыс орны құрылды (жоспардан 106,4%).

Ауданда өнеркәсіп қарқынды дамуда. Өнеркәсіптің ең көне кәсіпорындары: Алматы ауыр машина жасау зауыты, ашытқы зауыты, «Бахус» АҚ, «Eurasіan­FoodCorporatіon» және т.б. өздерінің инвестициялық жобаларын жүзеге асырып, өндірісті жаңғыртуда. «2015 — 2019 жылдарға арналған Индустрияландыру картасының» екінші бесжылдығы аясында инвестиция көлемі 7,3 млрд.теңгені құрай­тын 3 компания қатысуда. («Алматы ашыт­қы жасау зауыты» АҚ, «MetalPromGroup» АҚ, «Сайман корпорациясы» ЖШС).

«Бизнес жол картасы-2020» бағдарла­ма­сына 35 кәсіпорын қатысуда. Оның ішінде 30 жоба – субсидиялау бойынша, жалпы сомасы 6,7 млрд. теңге, субси­диялау сомасы 1,2 млрд. теңгені құраса, жалпы сомасы 326 млн.теңгені құрайтын 5 кәсіпорын – кепілдік бойынша, «Даму» АҚ –33,4 млн.теңге кепілдік берілді. 851 жұмыс орны құрылды.

«Жібек жолы» бағдарламасы аясында 16 кә­сіпкер жалпы сомасы 868 млн. теңгені құрайтын жеңілдік несиесін алды.

Мемлекеттік қолдаудың барлық шара­лары шағын және орта бизнесті дамытуға ықпал жасап, салық түсімдерінің 60%-ын қамтамасыз етті. Ауданда қаңтар-қараша айлары аралығында 29 586 шағын және орта бизнес тіркелген (2016 жылы – 28 025).

Былтырғы жылдан бастап аудандарда инвестфорумдар өткізіле бастады. Ағымдағы жылдың 20 шілдесінде «Алмалы Инвест — 2017» атты ІІ инвестициялық форумы өткізіліп, ауданның бизнес өкілдері үшін маңызды алаңға айналып, бизнестің дамуы үшін мақсатты әрі тиімді шешімдер қабылдауда рөлі өте зор болды.

Ауданда жаңа өндірістер мен кәсіп­керлік субъектілерінің ашылуына, жаңа жұмыс орындарын құруға ерекше назар аударылуда.

Жалпы көлемі 96 468 ш.м. «Жібек жолы» сауда-құрылыс орталығы ашылды. Тартылған инвестициялар сомасы 16 млрд. теңгені құрады, 100 жұмыс орнын ашу көзделуде.

2018 жылдың 1 тоқсанында екі ірі нысанның ашылуы жоспарлануда:

Жалпы көлемі 42 630 ш.м. «Абылай хан Плаза» сауда-әкімшілік кешені. Тартылған инвестициялар сомасы 15 млрд. теңгені құрап, 120-дан аса жұмыс орны ашылатын болады.

Жалпы көлемі 62 000 ш.м. «Кайсар Плаза» әкімшілік ғимараттары. Тартылған инвести­циялар сомасы 17 млрд. теңгені құрап, 80-не аса жұмыс орны ашылады.

 

Экономиканы дамытудың бір бағыты — ақпараттық технологиялар

Сондай-ақ, ауданымыздың экономика­сын дамытудағы тағы бір бағыт ол  ақпараттық технологиялар. «Жібек жолы» сауда үйінде ақпараттық кварталы орна­лас­тырылатын болады. Бұл цифрлық эко­номика үшін ақпа­раттық технология­лардың зерттеу алаңына айналады деген сөз. Оның негізгі мақсаты – инновациялық ақпараттық техно­логиялар жүйесінде ұзақ мерзімді әрекеттер құру.

Алмалы ауданы – қаланың экономи­калық-мәдени орталығы. Басты мақсат — қала­ның тұрғындары мен туристер үшін қолайлы жағдай жасау.

Ауданымызда Дат сәулетшісі Ян Гейл­дың жобасы жүзеге асырылуда.  Бұл бағыт­та Жібек жолы, Гоголь, Панфилов, Қабанбай батыр көшелерінде және Астана алаңында жаяу жүргіншілер аймағына кө­рік­тендіру жұмыс­тары жүргізілді. Ағаштар отырғызылды, жаңа субұрқақтар орна­тылды, балалар ойын кешендері және кіші сәулеттік нысандар орнатылды. Жібек жолы көшесінің бойында тегін мұз алаңы ашылды.

Байсейітова, Қарасай батыр көшесі мен «Тастақ» ықшамауданындағы Дүйсенов көшелері жаяу жүргіншілер аймағы жөндеу жұмыста­рынан кейін көпшіліктің сүйікті демалыс орындарына айналды. Жер­гілікті бюджет қаражаты есебінен «Биоком­бинат», «Сирене­вый» саябақтары ағымдағы жөндеуден өткізілді.

Сонымен қатар, ауданда орналасқан 11 саябаққа мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін пандустар, тактильді тақталар, мүге­дектерге арналған белгілер, жалпы бейімдеу жұмыстары жүргізілді. Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған 3 инклюзивтік ойын алаңдары орна­тылды.

 

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі

Осы бағытта ауданның заңды тұлғалары аумақ­тарды көгалдандыру және гүлмен безендіру жұмыс­тарын жүргізді (Қабанбай батыр көшесінен Бөгенбай батыр көшесіне дейін Абылай хан даңғылының батыс бөлігі; «Сиреневый» сая­бағында; Лермон­тов атындағы театр аймағы).

Жалпы көлемі 15,7 ш. құрайтын 12 мекен-жай бойынша көшелердің және жалпы көлемі 16,7 ш. құрайтын 19 жаяу жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізі­ліп, 50 көшенің ағымдағы жөндеуі аяқтал­ды. Қазіргі таңда ұзындығы 7,8 ш. құрай­тын арық желілері мен су канализа­ция­ла­рында қайта жөндеу жұмыс­тары жүргізі­луде.

Аудан аумағының санитарлық таза­лығы мен көріктендірілуі мәселелеріне басты назар аударылады.

Аудандық «Алматы Тазалық» МКМ учаскесі бойынша 16 бірлік жаңа техника сатып алынып, қосымша 300 жол жұмысшы­лары жұмылдырылды.

Ауданда 206 ПИК  қызмет көрсететін 1 409 көпқабатты және 3495 жекеменшік жер үйлер орналасқан.

Ағымдағы жылы тұрғындардың өз қара­жаты есебінен 98 кіре беріс, 17 қасбеті және 3800 ш.м. үйдің шатырлары жөнделді. Жылу энергиясын үнемдеу мақсатында тұрғын үй­лерде 559 жалпы жылу есептегіші орнатылған.

«Қазақстан Республикасының тұрғын үй ком­муналдық шаруашылығын жаңғыр­ту 2011 — 2020» бағдарламасы аясында ағымдағы жылы 457 млн.тенге қаражатқа 31 көпқабатты тұрғын үй жөндеуден өткі­зілді (шатыр, қасбеті, лифттер, инжинерлік желілер, кіреберістер).

Ауданның инфрақұрылымын жақсарту мақсатында ұзындығы 12 312 метр сумен қамту және кәріз желілері, 13 277 метр жылу желілері жөндеуден өтті. Жыл басынан 8 406 п.м. иесіз қалған инженерлік желілер қаланың комму­налдық меншігіне өтті.

88 балалар ойын алаңы мен 37 спорт алаңы орнатылған 93 аула аумағына күрделі жөндеу жүргізіліп, келесі жылға 100 ауланы жөндеуге арналған жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде.

Қазіргі таңда аудан аумағында 23 нысанда құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

«Ескі тұрғын үй» бағдарламасы аясын­да 3 ме­кен-жай бойынша дайындық жұмыстары жасалуда.

Төле би көшесінің солтүстік жағы Әуезов көшесінен батысқа қарай, Гоголь көше­сінен оңтүстікке және Наурызбай батыр көшесінің батыс жағында жұмысты «Диал Строй» ЖШС жүргізуде, инвес­тиция көлемі 37,8 млрд.теңге, құрылыс аумағы 57 мың шаршы метр;

Жамбыл-Байзақов көшелерінің қиылы­сында «ВЕК» ЖШС-і  жерасты паркингі бар жалпы аумағы 27 мың шаршы метрді құрайтын 3 тұрғын үй салу жұмыс­тарына дайындықты бастады. Инвестиция көлемі 3,3 млрд. теңге.

Аудан аумағында жалпы білім беретін 38 мектеп орналасқан. Жалпы саны 30 855 оқушы оқиды (мемлекеттік мектептерде – 28 668 оқушы, жекеменшік мектептерде 2187 оқушы).

Қалалық және республикалық олим­пиа­далардың жеңімпаздарын дайындау бойынша алдынғы орынды иеленіп, 2016-2017 жылғы оқу жылында 182 оқушы жеңім­паз атанды. ҰБТ нәтижесі бойынша (108 балл) Алмалы ауданы қала бойынша 1 орынды алды.

Ауданда мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне деген тапшылық орын алуда. Қазіргі уақытта 3 және 6 жас аралығындағы 3086 бала кезекте тұр (оның шамамен 1200-і Алмалы ауданының тұрғындары).

Соған қарамай аталған мәселе ағым­дағы жылы мемлекеттік балабақшалар жаны­нан қосымша 200 орын және 105 балаға арналған тегін мектепке дейінгі дайындық топтар ашу арқылы шешілуде.  3-тен 6 жасқа дейінгі бала­ларды мектепке дейінгі тәрбиелеумен қамта­масыз ету бойынша жыл басынан бері 160 баланы қамтитын 22 шағын орталық ашылды.

Мемлекеттік білім тапсырысы (Балапан) бойынша 263 бала оқитын 8 жекеменшік мек­тепке дейінгі білім беру мекемесі жұмыс істейді.

Биылғы жылы қазан айында Тілендиев көшесі, 215 мекен-жайында 160 орынға ар­налған «Айбала» жекеменшік балабақ­шасы ашылды.

Аталған мәселені шешуге бизнес-құры­лым өкілдері де тартылуда, атап айт­қанда мем­лекеттік-жеке серіктестік негі­зінде Тілендиев көшесі, 49 мекен-жайында 400 орынға арналған балабақша құры­лысының жаңа жобасы жүзеге асырылуда.

 

Негізгі басым бағыттардың бірі халықты әлеуметтік қамсыздандыру

Есептік кезеңде жалпы сомасы 11 618 069 теңге көлеміндегі әлеуметтік көмек 1326 адамға көрсетілді. Бұл арнаулы әлеуметтік көмек, балаларға арналған жәрдемақы және тұрғын-үй жәрдемақысы.

Ай сайын 1743 зейнеткер жалпы сомасы 51,6 млн. теңгені құрайтын әлеу­меттік көмек алды. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнін мерекелеу аясында ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне, ҰОС қатысушыларына теңесті­рілгендерге жалпы сомасы 32 млн. 190 мың теңгені құрайтын бір реттік әлеуметтік көмек берілді.

Оңалту орталығында 160 мүгедек бала және 80 мүгедек сауықтырудан өтуде. 519 жалғызілікті азаматтарға үйлерінде әлеуметтік көмек көрсетілуде.

«Халықты нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту  — 2017-2020»  және «Алматы қаласын дамыту – 2020» бағдарламалары негізінде 2159 азамат тұрақты жұмысқа орналасты. Жастар прак­тикасына 125 адам, кәсіби оқуға 413 адам, 129 адам әлеуметтік жұмысқа тар­тылды.

Ауданның медицина саласында 26 медицина мекемелері қызмет көрсетеді. Барлық медицина мекемелерінде иннова­ция­лық технологиялар енгізілуде. Диаг­ностиканың заманауи түрлері қолданылып, күрделі ота жасалуда.

Сонымен қатар, шетелдік мамандар түрлі мастер-класстар өткізуде. Мысалы, Қалалық кардиологиялық орталық Қазақ­стандағы жұмыс жасап тұрған жүрекке ота жасаудың 60 %-дан астамы жүзеге асы­рылатын бірден-бір орталық болса, Жедел шұғыл көмек көрсету орталығында жылына 5000-нан астам ота жасалады.  Сондай-ақ, биылғы жылы медици­наның соңғы техно­логияларымен жабдықтал­ған Репродук­тивтік медицина институтының жаңа филиалы қолданысқа берілді.

Баршамызға белгілі Елбасының «Бола­шаққа бағдар, рухани жаңғыру» атты мақа­ласын жүзеге асыру аясында алды­мызда қойыл­ған міндеттердің бірі – мемле­кеттік бюджеттен тыс қаржыландыру арқы­лы бизнес өкілдерін және аудан азаматта­рын туған жеріне игі істер жасауға, белсен­ділік танытуға тарту. Бизнес өкілдерінің қолдауымен балаларға арнал­ған 8 ойын және спорт алаңдары, Абай даңғылы, 141 мекен-жайында хоккеймен айналысуға арналған мұз айдыны қайтадан жөндеуден өткізіліп, ашылды.

Мүгедектер мен қарт адамдарға, бала­ларға арналған түрлі әлеуметтік шаралар өткізілді. Аудан әкімі аппаратының ұйым­дастыруымен демеушілердің қолдауы арқасында Астана қаласында өткен ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін үздік оқитын 60 дарынды балалар тамашалап қайтты.

«Туған өлке тарихы», «Жас дарын» атты байқаулар өткізіліп, «Сөз дауа» кітабы жарық көрді. Аудан өкілдері қалалық, республикалық тілдерді дамыту, мәдение­тімізді дәріптеуге бағытталған байқауларда жүлделі орындарды иеленді. Бұл жолда аудан жастарының үлесі зор екенін атап айтуға болады. Жалпы бағдар­лама аясында аудан көлемінде 200-ден астам іс-шаралар ұйымдастырылып, аталған бағыттағы жұмыстар жалғасын табуда.

 

Аудан аумағында 65 000-нан аса студент оқиды, бұл қала

студенттерінің 40 пайызы

Ағымдағы жыл Алматы қаласы әкімімен «Жастар жылы» деп жарияланғандықтан, аудан жастары көптеген іс-шараларға қатысты­рылды. Жастардың бос уақытын тиімді өткізуі үшін бұрынғы трамвай депо­сының орнында жастарға арналған лофт-орталық ашылды.

Аудандағы қылмыстық жағдайды талдау бойынша жыл басынан 32455 құқықбұзу­шылық тіркелген,оның ішінде 12 741 қылмыс­тық құқықбұзушылық бойынша. (2016 жылы – 14 235). Өткен жылмен салыстырғанда қылмыстарды ашу 23,1%-ға жақсарды.

Бейнебақылау көмегімен 303 қылмыс ашылып, 2644 құқық бұзушылық анық­талды. Қазіргі уақытта Алмалы ауданында 6 474 бейнебақылау орнатылған, оның 2785-і тұрғын үйлерің кіреберісінде. Бұл жұмыстардың бар­лығы қауіпсіз қаланы қалыптастыруға бағыт­талған.

Жабайы сауданы жою аясында 200 рейд жүргізілді. 42-ден астам заңсыз салын­ған құрылыс бұзылды. Одан бөлек, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 204 бабына сәйкес «Белгілен­беген жерлерде сауда жасау» бойынша 1689 хаттама толтырылып, 2,5 млн. теңге айып­пұл салынды.

Аудан әкімінің аппараты 11 мемле­кеттік қызмет түрлерін көрсетеді. Барлығы 19 096 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Тиімді жұмыс жүргізуге тұрғындармен әкім аппаратына немесе ресми интернет ресурстағы «Әкімге сұрақ» айдарына өтініш білдіру арқылы кері байланыс орнату өз септігін тигізеді.

Аудан әкімі аппаратының жалпы құжат айналымы – 14 578 құжатты құрады, оның ішінде 12509 қызметтік хат хабарлар, 1656 жеке тұлғалардың және 413 заңды тұлғалардың өтініштері.

Ресми интернет ресурсқа 842 өтініш, Инста­грам әлеуметтік желісі арқылы 994 өтініш түсті.

Келіп түскен өтініштердің көпшілігі көрік­тендіру, тұрғын үй коммуналдық шаруа­шылы­ғының жұмысы және сауда саласына қатысты. Барлық көтерілген сұрақтар қарастырылып, құзірет шеңбе­рінде шешімін тапты немесе өтініш иелеріне білікті, толық жауап берілді.

Тұрғындардың ұсыныстары мен ескер­тулерін, пікірлерін жинауға арналған арнайы жәшіктер орнатылған орындардың мекен-жайлары:

  1. Алматы қаласы, Түркебаев көшесі, 4, Ш.Смаханұлы атындағы №62 гимназия;
  2. Алматы қаласы, Жароков көшесі, 18, М.Әуезов атындағы №128 жалпы білім беретін мектеп;
  3. Алматы қаласы, Радостовец көшесі, 38, №18 гимназия;
  4. Алматы қаласы, Мұратбаев көшесі, 200, Абылай хан атындағы Қазақ Халық­аралық қатынастар және Әлем тілдері университеті;
  5. Алматы қаласы, Шевченко көшесі, 97, М. Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы;
  6. Алматы қаласы, Чайковский көшесі, 28, №90 лицей;
  7. Алматы қаласы, Гоголь көшесі, 114, Қазақ Мемлекеттік Қыздар педаго­гикалық университеті.

 

Алмалы ауданының әкімі Ж.Естеновтің  тұрғындармен

есептік кездесулерінің жүйелік кестесі

 (15 қаңтар — 02 ақпан, 2018 жыл)

Өткізу                                                                                                                                                                                             

орны және күні     15.01.2018 ж.                     18.01.2018 ж.                  20.01.2018 ж.                     24.01.2018 ж.                   27.01.2018 ж.    30.01.2018 ж.          02.02.2018 ж.

дүйсенбі                              бейсенбі                          сенбі                                    сәрсенбі                            сенбі   сейсенбі                   жұма

Мекеме                   «Ш.Смаханұлы атындағы «М.Әуезов атындағы    «№18 гимназия»  КММ   «Абылай хан атындағы   «М.Тынышбаев    «№90 лицей» КММ                                           «Қазақ мемлекеттік

№62 гимназия» КММ      №128 жалпы білім                                                     Қазақ Халықаралық       атындағы                          қыздар педагогикалық

беретін мектеп» КММ                                             қатынастар және әлем     Көлік және коммуника-       университеті» РМК

тілдері университеті» АҚ   циялар академиясы»

АҚ

Мекен-жайы           Түркебаев көшесі, 4,         Жароков көшесі, 18,     Радостовец көшесі,  38,     Мұратбаев көшесі, 200, Шевченко көшесі, 97,    Чайковский көшесі, 28,                                     Гоголь көшесі, 114,

Кавказская көшесінің        Жамбыл көшесінің         Қабанбай батыр көшесінің                                        Құрманғазы көшесінің   Масанчи көшесінің                                            Мәметова көшесінің     Амангелді көшесінің

қиылысы                            қиылысы                        қиылысы                            қиылысы                          қиылысы                      қиылысы                    қиылысы

Уақыты  сағат 11.00             сағат 11.00             сағат 11.00             сағат 11.00             сағат 11.00             сағат 11.00             сағат 11.00

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *