ҚАБДОЛОВ КӨШЕСІНДЕ көпқызметті тұрғын үй бой көтереді

%d1%8d%d1%82%d0%bd%d0%be%d0%ba%d0%be%d0%bc%d0%bf%d0%bb%d0%b5%d0%ba%d1%81-%d1%81%d0%b0%d0%b9%d1%80%d0%b0%d0%bd-%d0%bf%d0%b0%d1%80r

Айнабай МӘДИ

«Altyn Kargaly” шипажайында «көріктендіру және сәулет» тақырыбында Әуезов ауда­нының бірінші инвестициялық форумы өтті.

Форумға Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Әукенов, Әуезов ауданының әкімі Алтай Рақымбетов, Қазақстан Дизайнерлер одағының президенті, сәулетші Тимур Сүлей­менов, «ОDІ» гипермаркетінің бас директоры Нұрлан Әбдікәрімов, «Grand Park Almaty” сауда орталы­ғының басшысы Ғабит Бейсенбаев, бірқатар инвесторлар мен аудандық бизнес қауымдастығының өкілдері қатысты.

Алматы қаласы әкімінің орынба­сары сонау солтүстікқазақстандық бір ауыл тұрғындарының түгелге жуығы азын-аулақ бау-бақшалық жерінде гүл өсірумен айналысып, өнімдерін Алматы, Жамбыл облысына жіберіп отырғанын айрықша айтты. Мұндай мүмкіндіккті алматылықтардың мүлт жібергенін қынжыла жеткізді.

Форум барысында әлемдік брендке айналған немістің «ОВІ» құрылыс, жөндеу және бау-бақша өнімдерін жекелей сату желілерінің еліміздің нарығына кіруі турасында ой қозғар  пікірлер білдірілді. Келер жылы компания өзінің бірінші гипермаркетін ашуды көздеп отыр. Сауда орталығының басшылығы құны 50 млрд. теңге тұратын «Grand Park Promenad” жаңа жобасын, «Сайран Парк», «Город Мастеров» және этноауыл жобаларын ұсынды. Басқосу барысында «ОВІ» гипермар­кеті, «Grand Park Almaty” ойын-сауық, сауда орталығы мен аудандық әкімдік арасында іскерлік ынтымақ­тастық жөнінде меморандумға қол қойылып, ауданның инвестициялық климатын жақсарту мақсатында инвесторларды тарту жөнінде  іскерлік кездесу, бизнес талқылау өткізілді.

Керек дерек

Момышұлы мен Қабдолов көшелерінің қиылысында құны 11 млрд. теңге  тұратын 926 пәтерлік  көпқызметті тұрғын үй   кешенінің құрылысы жүргізілуде.

Қалалық Сәулет және құрылыс бақылау  басқармасы Жандосов, Сүлейменов көшелерінде тексеру, түгендеу жүргізіп, аудан аумағында 1960  жылы салынған, бұзуға жатқызылатын 62 камысты-каркасты үйді анықтады. Бүгінде 14 үйді бұзу басталды. 80 пәтерлік 16 қабатты 7  жаңа үй түғызылатын болады. 2 үй салы­нып, сүруге жіберілген тұрғындар осы үйлерге  қоныстандырылды.

Былтырдан бастап аудан аумағындағы көшелер, гүлзарлар мен гүлбақтарды көріктендіруде дат  сәулетшісі Ян Гейлдің ұсынысы негізінде жаңа әдістер қолданылуда.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *