«7-20-25» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ЕЛІМІЗДЕГІ НЕСИЕЛЕРДІҢ ҮШТЕН БІР БӨЛІГІ АЛМАТЫҒА БЕРІЛДІ

Бұл туралы Алматы қаласының «Президенттің бес әлеуметтік бастамасын» іске асыруды бақылау жөніндегі Қоғамдық кеңестің отырысында айтылды.

Кездесуді ашып, жүргізген Қоғам­дық кеңес төрағасы, Алматы қаласы мәслихатының депутаты, Халықара­лық ақпараттық технологиялар уни­верситетінің ректоры Дамир Шы­ныбеков бүгінде Алматы қаласында «7-20-25» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жүйелі жұмыс жүргі­зіліп отырғанын және бұл мәселе Қо­ғамдық кеңестің тұрақты бақыла­уында екенін атап өтті.

– Алматы – халық саны жыл сайын өсіп келе жатқан ең ірі, тар­тымды мегаполис. Сондықтан тұрғын үй мәселесі өте өзекті. Бүгінгі күні тұрғын үй кезегінде тұрғандар 22 мыңнан асады. «7-20-25» бағдарла­масы бойынша еліміздегі барлық несиелердің үштен бір бөлігі Алматыға берілді, – деді Д.Шыныбеков.

2019 жылғы 28 қаңтардағы жағдай бойынша, қазақстандықтардан осы ипотека арқылы жалпы құны 92 млрд. теңге тұратын баспаналарды сатып алу үшін 7 949 өтінім қабылданған. Олардың ішінде банктер 55 млрд. тең­гені құрайтын 4612 өтінімді мақұл­дады. «7-20-25» бағдарламасына қатысқан алматылықтардың отбасын­дағы бір адамға шаққандағы айлық табысы орташа есеппен 120 мың теңгені құрайды.

2016–2018 жылдар аралығында Алматы қаласының аумағында 2,5 мыңнан астам пәтер сатылымға шығарылды. Оның 400-і аталмыш бағдарламаның шарттарына сәйкес келеді. Сатылым нарығында 8-ден 14 млн. теңгеге дейінгі пәтерлер жоғарғы сұранысқа ие.

Кездесу барысында ОС мүшелері, қалалық мәслихат депутаттары, «Атрикс-Строй» ЖШС директоры Әміржан Нәбиев пен «Қазақстан–2050» қоғамдық қорының басшысы Ерболат Қасымов бағдарлама туралы өз пікірлерін ортаға салып, кейбір мәселелер бойынша ұсыныстарын білдірді.

Мемлекет басшысының тапсыр­маларын сапалы орындауды бақылау үшін Қоғамдық кеңестің осыған дейін 3 отырысы өткізілді, онда 7 ұсыныс қабылданды, олардың бесеуі орын­далды және екеуі орындалу үстінде.

– «7-20-25» бағдарламасынан басқа көпбалалы, табысы төмен және жас отбасылар үшін қолжетімді баспа­на салуды жалғастырудамыз. Қалалық әкімдік инженерлік желілер­ді тарту арқылы тұрғын үй құрылысын субсидиялайды. Екі жыл ішінде 308 жас отбасы «Алматы жастары» бағдарламасы бойынша жеңілдікпен пәтер алды, – деді Ә.Набиев өз сөзінде.

 

Дания КҮЗЕМБАЕВА,

«Нұр Отан» партиясы АҚФ баспасөз қызметінің жетекшісі.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *