386 МЛН. ЖЫЛ БҰРЫНҒЫ ОРМАН ІЗДЕРІ ТАБЫЛДЫ

Соңғы зерттеулер барысында ғалымдар жер бетінде болған ағаштың 3 түрін тауыпты. Олардың бірі қазіргі қылқан жапырақты ағаштарға қатты ұқсас болған, деп хабарлайды Archaeopterіs. Ал олардың  тасқа айналған қазба іздерінің орташа жасы – шамамен 386 млн. жыл болған көрінеді. Бұл – әлемде жүргізілген ең көне қазбалар қалдығы көрінеді.

Атап айтқанда, АҚШ-тың Нью-Йорк штатында карьерде қазба жұ­мыс­­тарын жүргізіп жатқан кезде тасқа айналған ағаштардың ізі табылған. Олар­дың орташа жасы – шамамен 386 жылға тең келген. Бұл жайлы New Scіentіst жазған.

Жалпы, тасқа айналған ең көне ағаш заттарды ғалымдар алғаш рет 2008 жылы тауыпты. Қазіргі уақытқа дейін осы орман қалдықтарының 3000 шаршы метр жері тексерілсе керек. Бұл ретте зерттеулер барысында ға­лымдар ағаштың 3 түрін тапқан. Олардың бірі қазіргі қылқанды ағаштарға ұқсас – Archaeopterіs екен. Оның тамы­рының ұзын­дығы 11 метрге дейін жеткен.

 

Ғалымдар ұялы телефонның қауіпті функциясын тапты

Қазір көптеген мамандар түнгі тәртіпті қосқан кезде бүгінгі телефон экрандары көк түстен сары түске көмескілене өзгеретінін айтып жүр. Ал бұл адам ағзасы үшін қатты зиян көрінеді.

Өйткені, ұялы байланыс телефонын­дағы түнгі тәртіп (режим) ағзаның циркадты ритміне кері әсерін тигізеді екен. Жақында АҚШ-тағы Манчестер уни­верситетінің ғалымдары осындай ақпаратпен бөлісіп, әрі олардың зерттеуі­нің қорытын­дысы оқу орнының сайтында жарияланған.

Сонда мамандар түнгі тәртіп­ті (ре­жимді) қосқан кезде телефон экранында сары түс басым болатынын айтады. Ал бұл адамның биологиялық сағатына орасан зор зиян келтіретін көрінеді.

Мысалы, тышқандармен жүр­гі­зілген зерттеулер барысы түнгі режимде қолданылатын түс­тердің күндізгі жарыққа ұқсас екенін көрсетті. Бұл ағзаның қателесіп, түн мен күнді ауыс­тырып алуы мүмкін деген сөз. Сондықтан да мұндай түстердің пайдасынан гөрі зияны көп бола­ды екен. Содан барып адамның ұйқысы бұзылатын көрінеді.

Ал телефонда әдетте қолда­нылатын көгілдір түсті спектр ағза үшін әлдеқайда үйреншікті болады екен. Осы ретте ғалым­дардың айтуынша, бұл түстің ұйқыға айтарлықтай кері әсері жоқ көрінеді. Бұған байланысты «Негізі, көк түс қараңғы уақыт­пен байланыс­тыры­лады. Ал ақ пен сары түстер, керісінше, күндізгі уақытқа ғана тән», – дейді зерттеу авторла­рының бірі Тим Браун.

 

Әзірлеген –

Құттыбек АЙМАХАН.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *