200-ден астам ерікті құрбандық етін таратты

Әсел ДАҒЖАН

Биылғы Құрбан айтта еліміздегі мұсылман жамағаты құрбан шалу рәсімдерін қашықтан тапсырыс беру арқылы орындағанын білесіздер. Яғни ҚМДБ бастамасымен іске асқан «QURBAN-2020» онлайн акциясы аясында Алматы қаласы бойынша 1108 уақ мал (қой, тоқты, ешкі), 50 ірі қара (сиыр) құрбандыққа шалынып, 5545 отбасыға және 14 жетімдер үйі, қарттар үйі секілді мекемелерге құрбандық еті үлестірілді.

Бұл көрсеткіш Құрбан айттың үш күнінде онлайн құрбандық шалу рәсімін карантиндік талаптарды сақтау үшін іске қосылған Qurban2020.kz вебсайты арқылы жүзеге асты. Яғни, қашықтан онлайн құрбандық шалуға ниет білдіріп, аталған сайт арқылы мал түрін таңдап, ақшасын аударған жандардың шалған құрбандықтары мұқтаж отбасылардың үйлеріне еріктілер арқылы жеткізілді.

Құрбандық етін қуана қабыл алған алматылықтар онлайн қайырымдылық шарасын ұйымдастырғандарға Алланың разылығы мен мол сауабын тіледі.

Осы орайда Алматы қаласы Орталық мешітінің қызметкерлері шарапаты мол айт күндері ашыққанның қарнын тойдырып, көңілдерге қуаныш сыйлауға үлес қосқан жергілікті билік пен «Нұр Отан» партиясының өкілдеріне, Алматы қаласы мешіттерінің діни қызметкерлері мен еріктілер тобына, жанашыр жамағат пен жомарт жандарға алғыс білдірді.

Айта кетейік, осынау қайырымдылық шарасы 200-ден астам еріктілердің қолғабыс жасап, құрбандық еттерін барлық карантиндік талаптарды сақтай отырып, жеткізуімен жүзеге асты.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close