18 МЫҢНАН АСТАМ ОТБАСЫ АЗЫҚ-ТҮЛІК СЕБЕТТЕРІМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

     Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында қала әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев, Алматы қаласы кәсіпкерлері палатасының директоры Нариман Әбілшайықов, Алматы қалалық «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Станислав Канкуров, «Қазпошта» АҚ Алматы филиалының директоры Әлия Сүгірбаеваның қатысуымен брифинг өтті.

Брифингте қала әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев карантин кезеңінде көмекті қажет ететін 18 мыңнан астам отбасы азық-түлік пакетімен қамтылатындығын айтты.

– Бүгін біз аз қамтылған отбасыларды азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін қалалық бағдарламаны қолға алдық. Біздің есебіміз бойынша 18 618 отбасы анықталды.Олардың 9971-і – аз қамтылған отбасылар, 2585-і – жалғыз тұратын зейнеткерлер, 5143-і – 1 және 2 топтағы мүмкіндігі шектеулі адамдар және мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған 919 отбасы бар. Бұл тізім әлі де жалғаса береді. Қала тұрғындарыда көмекке мұқтаж адамдар туралы қосымша ақпарат бере алады. Бұл үшін арнайы жұмыс істейтін Сall-орталық құрдық.

Егер сіз көмекке мұқтаж адамдарды білетін болсаңыз осы орталыққа қоңырау шалыңыз. Ақпарат расталған жағдайда, көмек күткен тұлғаларға азық түліктер, маскалар мен антисептиктер жеткізіліп беріледі. Біз күн сайын 1000-нан астам азық түлік себеттерін жеткізуді жоспарлап отырмыз. Қазіргі кезде тізім жасалып жатыр», — деді әкім орынбасары.

Сонымен қатар, спикер коммерциялық ұйымдармен онлайн режимде жұмыс жасауға болатынын, әлеуметтік және коммерциялық қызметтерді жеткізуді қамтамасыз ететін қолдау тетігі жасалғанын баса айтты. Ол тұрғындарды қаладағы карантин ережесін қатаң ұстанып, мейлінше үйлерінен шықпауға шақырды.

«Ақшам-ақпарат»

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *