13 мың 500 текше метр қар қаланың сыртына шығарылды

Өткен сенбi-жексенбi күндерi қаланы қардан тазалайтын мекемелердiң қызметкерлерi тыным таппай жұмыс iстедi. Бұл күндерi жауған қардың қалыңдығы 27 сантиметрге жеттi. Осыған байланысты қалалық және аудандық әкiмшiлiктер жұмыс барысын қадағалауға жұмылдырылды.

Қаланың коммуналдық қызметтерi сол күнi дереу iске кiрiсiп, күнi бойы бiрнеше рет 97 құм шашатын техникамен қала жолдары мен көшелерiне құм шашты. Сонымен қатар, қар тазалау жұмысына бiрiншi күнi 290 арнайы қар тазалайтын техника жұмылдырылды. Бiр ауысымда шамамен 650 жол қызметкерi жұмысқа шықты. Ал, екiншi күнi 311 арнайы техника мен 270 адам жұмыс iстедi. Барлығы 12-13 қаңтар аралығында шаһардан 13 мың 500 текше метр қар қаланың сыртына шығарылды.

Жалпы, қаланың коммуналдық қызметтерiнiң жолдағы санитарлық жағдайды қамтамасыз етуге толық мүмкiншiлiгi бар. Әкiмнiң сайтына тұрғындар тарапынан түскен талап-тiлектер ескерiлiп, кей аудандарда жол тазалайтын жұмысшылар мен техника саны көбейтiлген.

Алматыда қар тазалау жұмысы әлi тоқтаусыз жүрiп жатыр. Жиналған қар қала сыртына жедел тасылуда.

«АҚШАМ-АҚПАРАТ».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *