11 қарашада Алматыда «Бюджетке қатысу» жобаларына дауыс беру басталады

2020 жылғы 11-23 қараша аралығында «Бюджетке қатысу» қалалық жобасы аясында Алматыны абаттандыру бойынша тұрғындардың ұсыныстарына дауыс беру өтеді.

«Бюджетке қатысу» жобасы бойынша өтінім жинау 28 тамызда басталды. 2020 жылы жалпы сома 6,4 млрд теңгеге дейін артты (2019 жылы 4 млрд теңге) — әр ауданға 800 млн теңгеден. Қалаға қосылған аумақтарды дамыту мақсатында, Наурызбай және Алатау аудандарына «Бюджетке қатысу» аясында қосымша 500 млн теңгеден бөлу қарастырылған. Осылайша, аталған екі ауданның әрқайсысына бөлінген қаражаттың жалпы сомасы 1,3 млрд теңгеден болады.

Алматылықтардың 448 бастамасы дауыс беруге жіберілді. Ең көп өтінім Алмалы (123), Наурызбай (72) және Түрксіб (62) аудандарын абаттандыру бойынша түсті. Одан кейінгі кезекте Бостандық (49), Медеу (42), Алатау (41), Жетісу (36) және Әуезов (23) аудандары тұр.
Қала тұрғындары ұсынған жобалар қатарында Ұлжан-2 ықшамауданында жекпе-жекке арналған көпфункционалды жазғы спорт зал, Айнабұлақ-4 ықшамауданында шахмат орталығын салу, Қалқаман ықшамауданында «Рахмет дәрігер!» Covid-19 пандемия мемориалын орнату және т.б. бар.

Алматы қаласында тұрақты тіркелген тұрғындар ғана таңдау жасап, ұнаған жобаларға дауыс бере алады. Ыңғайлы болу үшін онлайн және қағаз түрінде дауыс беру мүмкіндігі қарастырылған. Қағаз түрінде аудандық әкімдіктерге немесе Open Almaty фронт-офисіне (Абай даңғылы, 90) барып дауыс беруге болады.

Онлайн-дауыс беру үшін:
1) budget.open-almaty.kz порталында «Дауыс беру» бөліміне өту;
2) ұнаған 3-тен (үш) артық емес жобалық ұсынысты таңдау;
3) дауыс беруді растаудың ыңғайлы тәсілін таңдау қажет – ЭЦҚ немесе ЖСН (SMS-код) арқылы.

Қағаз түрінде дауыс беру үшін:
1) кез келген аудан әкімдігіне (сағат 09.00-18.00, үзіліс сағат 13.00-14.00) немесе Open Almaty фронт-офисіне (сағат 09.00-20.00) баруға болады, өзіңізбен бірге жеке басты куәландыратын құжат болуы қажет;
2) жергілікті жерде берілген қағаз форманы толтыру;
3) толтырылған форманы дауыс жинау жәшігіне салу қажет.
Жобалық ұсыныс іске асыруға жіберілуі үшін Алматыда тұрақты тіркелген тұрғындардың 10-нан астам дауысын жинауы тиіс. Бір тұрғын 3 (үш) жобалық ұсынысқа ғана дауыс бере алады.

_Анықтама: 2019 жылы Алматы әкімдігі қаланың 8 ауданына жергілікті бюджеттен 500 млн теңгеден бөліп, «Бюджетке қатысу» пилоттық жобасын іске асырды. Қала бюджетін неге жұмсау керектігін ашық талқылау және дауыс беру арқылы алматылықтардың өздері анықтады. Қала тұрғындарының бастамаларына Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшелері, сарапшылар, мәслихат депутаттары, ҮЕҰ өкілдері өз бағасын берді._

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *