«104» ҚЫЗМЕТІ автобус жолымен жүруге рұқсат сұрайды

Жақында «Ақшамға» Нұр-Сұлтан тұрғынынан хат келді. Бұл екі қаладағы жағдайлар бір-біріне өте ұқсас болған соң, хатты газетімізде жариялауды жөн санадық. Мысалы, ондағы диспетчерлік орталыққа күн сайын 30-дан астам қоңырау түседі екен. Ал түскен хабарламалар бірден апаттық бригадаларға жіберілетін көрінеді. Сөйтіп, ондағы мамандар оқиға болған жерге жылдам аттанатын көрінеді.

Құттыбек АЙМАХАН

Негізі, ереже бойынша «104 апаттық қызмет» ең шалғай деген аумаққа 40 минутта жетуі керек екен. Бірақ қазір көп жағдайда тиісті мекен-жайға жылдам жетуге жолдағы кептелістер кедергі болып жатады. Осы орайда, көлік жүргізушілердің айтуы бойынша, жедел жәрдем мен түрлі такси қызме­тіне де автобус жолағымен жүруге рұқсат етілсе деп сұрайды. Өйткені, ол жұмыс сапасын арттыруға септігін тигізген болар еді.

Мысалы, Азамат Шайсұлтанов деген көлік жүргізушісі, слесарь:

– Біз автобус жолағымен жүре алмай­мыз. Сол үшін көбіне жол ережесін бұзуға тура кеп жатады. Тіпті, «Буслайн» жолағымен де жүріп көріп, жылдамдықты арттырған кездерім де болды. Міне,  осының барлығы жұмыс бабымен екенін кімдерге барып айтамын?..

Өз басым бірнеше рет жылдам жүру салдарынан Жол полициясына ұсталып, айыппұл төлегенім бар. Мысалы, жақында біздің Апат қызметінің өкілдері  «газ иісі шығып жатыр» деген аумаққа 15 минуттың ішінде жетіп барып, құбырдың ақауын тез арада қалпына келтіріп қайтты, – дейді.

Жалпы, қаладағы газ қызметі мыңға жуық көппәтерлі тұрғын үйдің газ тарату жүйесіне жауапты көрінеді. Олар қажет болған жағдайда кіребе­рістегі газ құбырларының қосалқы бөлшектерін де ауыстырады екен. Осы орайда Мейіржан Сәрсенбаев деген Астана қаласы газ қызметінің басшысы:

– Жалпы, Газгольдерлерден подъез­ге дейінгісін біз қамтамасыз етеміз. Әрі үйлерде немесе подъезде газ иісі шыққан жағдайда да біздің бригада барып тексеріп қайтады. Әрине, қыста ақау көп болады деп айта алмаймыз. Бірақ температураның өзгеруіне байла­нысты кейде суық болса, кейде жылып кетіп жатады. Сол уақытта конденсат деп айтамыз, су жиналады. Әрине, ол ақау болмаса да сол кезде біз тез барып қызмет көрсетеміз, – дейді.

Негізі, елордадағы газ қызметі мекемесінде 40-қа жуық маман жұмыс істейді. Әрі 2 апаттық бригададан өзге 2 эксплуатациялық топ және бар. Мамандар 4 ауысыммен тәулік бойы тегін қызмет көрсетеді. Атап өтетіні, апат­қа жауапты бұл топтағы жұмыс­шылардың ең кем дегендегі еңбек өтілі бес жыл. Әрі олардың алды 20-30 жылдан бері еңбек етеді. Солардың бірі Александр Ключников деген слесарь:

– Күн сайын түрлі шақыртулар алып жатамыз. Түрлі жағдайлар кездесіп жатады. Мысалы, бірде шақырумен барсақ, бір кішкентай бала газ плитасының қақпағына шығып алып, плитаны аударып тастаған екен. Абырой болғанда балаға ештеңе болмапты, – деп еске алды.

Сосын, біз кіреберіске дейінгі газ тарату жүйелеріне де жауаптымыз. Ал бірақ подъез бен пәтер ішіндегі қауіп­сіз­дікке өзге мекемелер жауапты. Деген­мен, кейде түрлі оқиғаларға куә болып жатамыз. Атап айтқанда, тіпті газдың иісін басқамен шатасырып қоңырау шалатындар да бар. Әрине, оларға да барып, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп қайтамыз.

Атап өтетіні, бас қаладағы 346 газгольдердің барлығы оң жағалаудағы көпқабатты тұрғын үйлердің ауласында орналасқан. Жалпы, газ құбырының ұзындығы 130 шақырымға жуық болады. Бірақ та «104» қызметі, ондағы кәсіпқой мамандар осы газгольдерлер мен құбыр­ларға қатысты шақыртуларды күндіз-түні қабылдауға дайын.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *