«1 теңгелік жолақы» акциясы аяқталды

 

Шыны сол, бұл акция көптеген алматылықтардың қызығушылығын қатты туғызды. Тіпті, менің таныстарымның өздері осы мамыр айының басында «Beelіne» құрамына кіріп, менің өзімді осы қатарға өтуге үгіттеп жүрген еді. Осылай бір теңгемен жол жүруді ойлап, ақшаларын үнемдеуді мақсат еткен алматылық абоненттердің саны аз уақытта тіпті жылдам көбейіп, бүгінгі таңда 250 мың адамнан асты. Сосын осы аралықта транзакция жасаушылар саны бірнеше миллионға өскен.

Бұның бәрі оператор жұмысына белгілі бір мөлшерде қиындықтар туғызған. Атап айтқанда, аталған кезде клиенттердің жылдам көбейуі салдары­нан, әсіресе, қарбалас уақыттарда оператордың жүктемені көтере алмаға­нын олардың өздері мойындап отыр. Әрине, бұл мәселе ақыр соңында SMS-ті жеткізуге және кешбекті есептеуде қиындық ту­ғыз­ған. Оның үстіне «1 тең­гелік жолақы» акция­сын шаһардағы автопарк­тердің бәрі бірдей қа­былдай қой­маған. Соның нәтижесінде,    компания «1 теңгелік жол­ақы» ак­циясын мерзі­мінен бұрын тоқтатуға  мәж­бүр болған. Оның орнына ендігі жерде ком­пания нарыққа бұдан анағұрлым тиімді және оңтайлы ұсыныспен енуді мақсат етуде.

Атап өтетіні, «Beelіne» клиенттері үшін жолақы төлемі «комиссиясыз SMS» көмегімен төлеу мүмін­діктері бұрынғысынша сақтала береді.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *