Әлемдегі алып ескерткіштер

Ұлыбритания. Фолкерк. Фольклордағы образды кейіптейтін су перісі бейнесіндегі ат мүсінінде көрінетін  ескерткіш шотланд экономикасының кереметін, күш-қуатын кескіндейді. Мүсін авторы Энди Скоттың айтуынша, оның шығармасы қуатты өн­діріс орны мен қала салтанатын образды бейнелеуге негізделген. 30 метр биіктіктегі 300 тонналық (әрқайсысы) екі аттың басын бейнелейтін алып ескеркіш Форт-Клайда каналына кіре берістегі Каррон көлінде орналасқан. (Суреті – жоғарыда)

Үндістан. Коимбатур. Адийоги Шива. Шива йоганың атасы болып саналады. Алғаш йоганы өмірге әкелуші Адийогиға орнатылған әлемдегі тұңғыш алып ескерт­кіш. Оның биіктігі 112 фут, яғни 32 метр. Бұл сан йогада жетістікке жеткізетін мүмкіндіктерді білдіреді.

Португалия. Алмада. Христ патшаға арналған көпір жанындағы ескерткіш португал­дықтардың бастамасымен 1954 жылы орна­тылған. Бұл ескерткіш Екінші дүниежүзілік соғыс сұмдықтарынан бойды аулақ салу үшін салынған. Соған орай Христің 28 метр ескерткіші Тежу өзенінің үстіне қойылған. Өзен биіктігімен салыс­тырғанда 82 метрге жетеді. Иса пайғамбар­дың аяғының астынан шашылған шұғыла бүткіл Лиссабонды жарқыратып тұрады.

Қытай. Лэшань. Болашақ Буддасы. Будда Майтрейді бейнелейтін алып ескерт­кіш жар­тасты қашап салынған. Биіктігі 71 метр, иық­тарының ұзындығы 30 метр, қолының сау­сақтары 8 метрге дейін жетеді. Бұл кереметті жасау 713 жылдары баста­лып, 90 жылға созылған. Хай Тун монахтың бұл жобасы жергілікті жердегі су тасқынын қалыпқа кел­тіреді деген ниетпен жасалған.

Сингапур. Сентоса. Мерлайон. Ай­рық­ша ескерткіш Мерлайон Сингапурдың сим­волы. Оның басы – жолбарыс, құйрығы – балық. Ал енді оның Сентос аралындағы көшірмесі 37 метр биіктікте орналасқан. Екі жаққа қарап тұрған ескерткіштің басы мен қолы жол­барыстың рухын бейнелейді.

Мексика. Ханицио. Мичоакан шта­тында балықшы үйлерінің тұсына халық батыры Хосе Мари Морелосқа 40 метрлік ескерткіш орнатқан. Оның жоғары көтер­ген жұдыры­ғына дейін арнайы баспал­дақпен шығуға болады. Ішкі қа­бырғалары қымбат заттармен әшекей­ленген.

Моңғолия. Цонжин-Болдог. Шыңғыс­хан ескерткіші. Әлемдегі атқа қойылған ең биік ескерткіш. Тұғыртасын есептемегенде биіктігі 40 метр. Екі қабатты. Ішіне дүкен, галереялар орналасқан, моңғол хандарын бейнелейтін сим­волдық 36 колонна қоршап тұр. Аттың басына шығып төңірекке көз салып, таңқалуға болады.

Ресей. Волгоград. «Отан-Ана шақы­рады». «Сталинград шайқасының құрбан­дарына» орнатылған Мамаев қорғанындағы ескерткіш 1967 жылы ашылды. Авторы Евгений Вучетич. 85 метр биіктіктегі ескерткіш 22 жыл бойына әлемдегі ең биік туынды саналып келген. Ол әлі күнге дейін Ресей мен Еуропадағы ең биік ескерткіш. Болат қылыштың ұзындығы – 33 метр.

Бұл жөнінде Андрей Сахаров былай деп жазды. «Бірде басшылық Вучетичтен әйел­дің аузы неге ашық, сүйкімсіз көрінеді» деп сұ­рап­ты. Сонда Вучетич «Ол Отан үшін деп айқайлап тұр ғой. Соны да түсінбейтін неткен басшылық» деп жауап беріпті.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close