Латын әліпбиі жаңашылдыққа бастайды

Елбасы «Болашаққа бағөдар: рухани жаңғыру» атты мақалаөсында елімізді әлемөдегі дамыған 30 елдің қатарына қосатын бағыт беріп, жол көрсетті. Таяу жылдарға қойылған мінөдеттердің қатарына қазақ тілін біртіндеп латын әліпөбиіне көшіру жұмыстарын қойған. Негізінен бұл бүгін басталып, ертең аяқталатын дүние емес. Елбасымыз латын әліпбиіне көшу туралы 2007 жылғы Жолдауында айтып, қазақ жазуын латын әліпбиіне көшірудің маңызөдылығын көрсеткен боөлаөтын. Бұл көшу концепөциясы Қазақстан халқы Ассамбөлеясының ХІІ сессиясында да айқындалған еді.

Жазуды латын әліпбиіне ауысөтыру мәселесі өте күрделі. Ол Шығыс елдеріндегі тіл факторын дамыту тәжірибесінің негізінде кешенді зерделеуді талап етеді. Қазақ жазуын латын графикасына көшіру елімізде қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі мәртеөбесін нығайта түседі.  Презиөдентіміз Н.Назарбаевтың: «Латынөшаға көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы технолоөгияөлық ортаның, комөмуниөкацияның, сондай-ақ, ХХІ ғасырөдағы ғылыми және білім беру процесінің ерекшеліктеріне байланысты. Мектеп қабырғаөсында балаларыөмыз ағылшын тілін оқып, латын әріптерін онсыз да үйреніп жатыр. Сондықтан жас буын үшін ешқандай қиындық, кедергілер болмақ емес»  деуі осыған дәлел.

Мақала жарық көрген күннен бастап осы мәселе қоғамда кеңінен талқыланып, латын әліпбиінің қазақ тілін дамытудағы маңызы, өзектілігі жан-жақты айтылып келеді. Мемлекет тарапынан нақты шаралар жүзеге асырылуда.

Президентіміз Н.Назарбаев  бізге латын әліпбиіне көшуді реттеп, 2025 жылға дейін білім берудің барлық деңгейінде латын жазуына көшудің нақты кестесін жасауды жүктеп отыр. Ол үшін 2018 жылдан бастап жаңа әліпбиді үйрететін мамандарды және орта мектептерге арналған оқулықөтарды дайындауға кірісуді ұсынуы  аса орынды деуге болады. Өйткені, білім мен бағдар беруші оқулық дұрыс болу керек. Дұрыс емес оқулық кімді болсын шатасөтырады.

Латын әліпбиіне көшу заман талабы. Ол – ХХІ ғасырдағы ғылым мен техниканың, интернет пен ІT технологиялардың тілі. Заманауи технологиялардың тілін игеруде де бірқатар ілгерілеушілік орын алатыны сөзсіз. Латын жазуына көшу арқылы баршаөмызға біріншіден – бүгінгі техника жетістіктері мен  ғаламтор жаңаөлықтарын ұтымды пайдалана алу мүмкіндігі туады. Екіншіден – лаөтын қарпі түркі тілдес халықтарды жақындастыратын жазу. Үшінөшіден – латын әліпбиін қабылдай отырып, тілдік ерекөшелігімізді сақтаймыз,  шет тілдерден енген сөздерді де ұлттық ерекшеліктерге икемдей аламыз. Сондықтан алдағы уақытта  латын әліпбиіне көшуде мерзімді басылымдарды кеңінен пайдалану, қазақ тілді оқытушыларға арналған оқулықөтарды дайындау және шығару, лаөтын графикасын мектепке дейінгі білім беру жүйесіне енгізу аса дұрыс.

Ұлттық бірлігімізді, бірегейөлігімізді, салт-дәстүрімізді, елге, туған жерге деген ұлттық сана-сезімімізді, тілімізді, ділімізді, дінімізді кемелдетуде Елбасы айтөқандай, ұлттық рухымыз бойыөмызда мәңгі қалуы тиіс. Кешегі халық жадында берік орын алған Абайдың даналығы, Әуеөзовтің ғұламалығы, Жамбылдың жырөлары мен Құрманғазының күйөлеріндей, елімізге елеулі боларөлықтай еңбегімен, білімімен, ғылымымен, өнерімен, дарынымен ерекшеленіп шыққан тұлғаларды таныту да аса маңызды.   Осындай  азаматтардың істері адамзат игілігіне айналуы тиіс.

 

Светлана СМАҒҰЛОВА,

Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің профессоры, тарих ғылымының докторы.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *