Әлемдік олимпиадалардан қазақстандық оқушылар 26 медаль алды

Әлемдік олимпиадалардан қазақстандық оқушылар 26 медаль алды
Сурет: интернеттен

Жеңімпаздарға 500-1500 АЕК көлемінде сыйақы тағайындау жоспарланған.

ҚР БҒМ баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл қазақстандық оқушылар әлемдік олимпиадаларда 26 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

2021 жылы қазақстандық оқушылар өткен жылдардың рекордын жаңартып, әлемдік олимпиадаларда 26 медаль жеңіп алды. 2 алтын медаль: математика (1), география (1) 13 күміс медаль: физика (5), математика (3), химия (3), биология (1), география (1) 11 қола медаль: информатика (4), математика (2), биология (2), лингвистика (1), химия (1), география (1).

Халықаралық зияткерлік олимпиадаларға қатысушыларды ынталандыру және қолдау мақсатында алтын медаль иегерлеріне 1500 АЕК, күміс – 1000 АЕК, қола – 500 АЕК көлемінде сыйақы тағайындау жоспарланып отыр.