Құқық бұзушының заңсыз әрекеттері әлеуметтік желіге тараған

Құқық бұзушының заңсыз әрекеттері әлеуметтік желіге тараған
сурет: Polisia.kz

Тиісті әкімшілік материалдар жиналды. Автокөлік мамандандырылған айыппұл тұрағына орнатылды.

Алматы полициясы тағы бір көлік бұзақысын жазалады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Polisia.kz сайтындағы мәлімет бойынша, бұл жолы да құқық бұзушының заңсыз әрекеттері әлеуметтік желіге шықты және шара қолдануға негіз болды.

«Toyota Camry көлігін басқарған ер адамның жеке басы анықталды. Бұл 21 жастағы С.есімді азамат. Оның іс-әрекеттерінде ЖҚЕ-нің 4-бабында ҚР ӘҚбК-нің 601-бабы 2-бөлімі, ҚР ӘҚбК-нің 606-бабы 1-бөлімі, ҚР ӘҚбК-нің 595-бабы 1-бөлімі, ҚР ӘҚбК-нің 603-бабы 2-бөлімінде көзделген өрескел бұзушылықтың белгілері бар. Тиісті әкімшілік материалдар жиналды. Автокөлік мамандандырылған айыппұл тұрағына орнатылды, - деп хабарлады, Алматы қаласы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Саттаров.

Алматы полициясы жолдарда мұндай іс-әрекетке жол берілмейтіні туралы да еске салды.

«Патрульдік полицияның жеке құрамы осындай жүргізушілерді анықтауға бағытталған, олардың әрекеттері басқаларға нақты қауіп төндіреді. Мұндай қылмыстық әрекет жасаған адамдарға қатысты ең қатаң шаралар қолданылады», - деді Манап Саттаров.