Алматы облысы: аймақтағы ұстаздардың 99%-ы екпе алды

Алматы облысы:  аймақтағы ұстаздардың  99%-ы екпе алды сурет: Almaty.tv

Барлық мектептер қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілді.


Облыс педагогтарының 99%-ы вакцина салдырды. Білім беру ұйымдары күрделі эпидемиологиялық жағдайда дәстүрлі форматта оқытуға толық дайын, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Бұл туралы «Jetisy Media» алаңында өткен баспасөз-мәслихатында Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов мәлімдеді.
Белгілі болғандай, болжам бойынша жаңа оқу жылында оқушылар саны 440 мыңға өседі, бірінші сыныпқа 47 мың оқушы қабылданады.



«Барлық мектептер қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілді, бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 200 млн.теңге бөлінді. Барша білім беру нысандарында «Ашық» бағдарламасы енгізілді», - деп атап өтті Батыржан Байжұманов.
Жаңа оқу жылында облыс мектептерінде халықтың әлеуметтік осал топтарынан және аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушылардың 100%-ы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі.
«Көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан 44 531 оқушыны ыстық тамақпен, мектеп формасымен қамтамасыз етуге қосымша 2,6 млрд.теңге бөлінді», - деп айтты облыстық білім беру басқармасы басшысының м. а. Жаңыл Сүлейменова.



Айта кетейік, «Мектепке жол» акциясы аясында 12 902 оқушыға 122 млн. теңге көлемінде демеушілік көмек көрсетілді. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда. Мемлекеттік қолдаудың арқасында ағымдағы жылы облыста 40 білім беру нысанының, оның ішінде 28 мектептің құрылысы жүргізілуде. Оқу жылының басында 6 жаңа мектеп іске қосылады, жыл соңына дейін тағы 4 мектепті тапсыру жоспарлануда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:24

15:50

15:40

15:38

15:18

14:48

14:39

14:15

14:11

14:08

14:03

13:46

13:33

13:25

13:13

12:47

12:40

12:31

12:19

12:10

11:47

11:30

10:57

10:06

09:34