ҚР Президенті өлім жазасын жою туралы заңға қол қойды

ҚР Президенті өлім жазасын жою туралы заңға қол қойды
Сурет: Dw.com

Өмір бойы бас бостандығынан айыру ең қатаң жаза болып қала береді

Мемлекет басшысы Қазақстан Ресспубликасының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өлім жазасын жою мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» заңына қол қойды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Заңға сәйкес, Қылмыстық кодекстің жалпы бөліміндегі 11 баптың ішінен өлім жазасы жаза түрі ретінде, оның ішінде жазалау, тағайындау және жазаны ауыстыру жүйесі туралы баптардан алынып тасталады. Бұдан бөлек, мораторий кезіндегі жағдайлар мен қолданыс талаптарына сай өлім жазасы ұғымы туралы арнайы бап жойылады.

Өлім жазасы Қылмыстық кодекстің 17 бабының санкциясынан алынып тасталады. Осылайша өмір бойы бас бостандығынан айыру ең қатаң жаза болып қала береді. Қылмыстық кодекске енгізілген толықтыруларға сәйкес, өлім жазасы өмір бойына бас бостандығынан айырумен алмастырылған адамдарды шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға тыйым салынады.

Депутаттар 23 желтоқсанда ҚР Парламенті Сенатының пленарлық отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өлім жазасын жою мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» заңды қабылдады.

Ақорданың хабарлауынша, заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.