ҚР газ желісі бір жылда 4 мың шақырымнан асты

ҚР газ желісі бір жылда 4 мың шақырымнан асты
Сурет:energyprom.kz

ҚР газ желісі бір жылда 4 мың шақырымнан асты, апаттар саны 9-дан 19-ға дейін өсті

124 шақырымнан астам көше газ желісін жөндеу қажет.

 2020 жылы Қазақстан Республикасында 1074 елді мекен газдандырылды, бұл  2019 жылмен салыстырғанда 6%-ға артық, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz energyprom.kz сайтына сілтемелеп.

Газдандырылған елді мекендердің жартысынан астамы үш өңірде орналасқан: Батыс Қазақстан (230), Жамбыл (214) және Түркістан (148) облыстарында. Табиғи газ өткізілген елді мекендер республиканың 17 өңірінің 14-інде болды.

 

 2020 жылы ҚР-да 4,2 мың км газ желісі жүргізілді, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 6,3 есе көп; 2020 жылы 228,9 км желі істен шықты.

Жалпы алғанда, көшедегі газ желісінің ұзындығы 2020 жылдың соңында 32,7 мың км құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 14,4%-ға артық.

Жөндеуді қажет ететін көшедегі газ желісінің ұзындығы бір жыл ішінде 14,1%-ға, 2020 жылы 124,1 км-ге дейін қысқарды. 2020 жылы 130,4 км газ желісі жөнделді.

Сонымен қатар, 2020 жылы 19 апат тіркелді. Салыстырмалы түрде айтар болсақ,  2019 жылы 9 апат тіркелсе, 2018 жылы 51 апат орын алған.

 

Табиғи газдың газ реттеу пункттерінің саны бір жылда 11,9%-ға өсіп, 1,5 мыңды құрады.

Орнатылған есептеу құралдарының саны 2020 жылы 28 мыңға жетті, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 8%-ға көп.

Ең төменгі тарифтер Атырауда (1 текше метр үшін 8,1 тг), сондай-ақ Ақтау мен Ақтөбеде (1 текше метр газ үшін 10 тг) белгіленді. Табиғи газ үшін ең жоғары тариф Түркістан мен Шымкентте байқалды: 1 текше метр үшін 31,6 тг.