ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Қоғамдық қабылдау бөлмесі қашықтықтан жұмыс істей береді

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Қоғамдық қабылдау бөлмесі қашықтықтан жұмыс істей береді
www.gov.kz

Азаматтардың өмірі мен денсаулығын коронавирустан қорғау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің  қоғамдық қабылдауы 2022 жылғы 1 қаңтарға дейін жұмысын қашықтықтан жалғастырады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

 Барлық өтініштер электронды түрде Еңбекминінің ресми интернет-ресурсы мен әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттары, «e-gov» электронды үкімет порталы және ҚР Президентінің виртуалды қабылдауы арқылы қабылданады.

 Сондай-ақ  8 (7172) 74 36 03, 74 30 05, нөмірлеріне хабарласуға болады.