ҚМДБ жастарға арналған семинар-тренинг өткізеді

ҚМДБ жастарға арналған семинар-тренинг өткізеді
Сурет: Didarbek.kz

Семинардың мақсаты – жастардың ішкі әлеуеті мен шығармашылық қабілеттерін арттыру және өзін-өзі дамытуға алғышарттар беру.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Жастар ісі секторы 11 тамыз күні «Жастық шақтағы кемелділік» атты онлайн форматта республикалық жастар семинар-тренингін өткізеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz аталған басқарманың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Халықаралық жастар күніне орай өтетін семинар жастардың арасында танымал дін, спорт, психология және тұлғалық даму саласы бойынша кәсіби мамандардың қатысуымен өтеді. Спикерлер тізімін мына жерден қарауыңызға болады.

Семинар-тренинг 200-ге жуық адамның қатысуымен ZOOM платформасында 11 тамыз сағат 11:00-де басталады. 
Сонымен бірге МУФТИЯТ ҚМДБ Youtube каналында тікелей эфирден көрсетіледі. 

Көрермендер спикерлерге тікелей эфир кезінде тақырыпқа байланысты сұрақтарын жолдай алады.