Қызметтік ит:Ісіне адал Кейн

Қызметтік ит:Ісіне адал Кейн
Cурет: Almaty-akshamy.kz

Кейннің өзгеше қимылы старшинаға сезік тудырған.

Алматыдағы Ұлттық ұланға қарасты 3650 әскери бөлімінің күзетінде тұрған Ядролық физика институты аумағына тыйым салынған заттың өтіп кетуіне жол берілмеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz .
Оқиға қалай өрбігенін баяндайды.  Оқиға былай болған еді. Жауынгерлік қызметте тұрған кинология қызметі бөлімшесінің бастығы старшина Бауыржан Құрбанғалиев мемлекеттік маңызға ие нысанға кіретін көліктерді бақылау пунктіне келген «Субару» маркалы автокөлікті тексере бастайды. Тексеру барысында жетегіндегі Кейн атты қызметтік иті өзінің әрекеті арқылы әлгі көлікті мұқият қарап шығу керектігін ұқтырады. Жарылғыш заттарды іздеуге машықтанған Кейннің өзгеше қимылы старшинаға сезік тудырады. Ол көліктің артқы жағына барып, жүк салатын бөлігінде тыйым салынған заттың барын көрсетеді. 
Старшина Бауыржан Құрбанғалиев дереу қарауыл бастығына хабар береді.
Бақылау-өткізу пунктіне жедел жеткен резервтік топ ОФЗ және режим қызметкерлерінің көзінше автокөлікті мұқият қарап шығады. Тексеру барысында салмағы 30 грамм болатын жарылғыш затқа ұқсас нәрсе табылған.
Міне, мемлекеттік маңызға ие іргелі нысан сенімді қолда.