Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігі Pfizer вакцинасын балаларға салуды көздейді

Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігі Pfizer вакцинасын балаларға салуды көздейді
Cурет: 24.kz

Екпе тек ата-аналардың келісімімен ғана салынады.

Келесі айда Қазақстанға коронавирусқа қарсы тағы бір вакцина – Pfizer препаратын жеткізу жоспарланып отыр. Оны 12 жастан асқан балаларға егуге болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.
Денсаулық сақтау министрлігі осы вакцинаны 12-17 жастағы балаларға салуды көздейді. Олардың жалпы саны 2 миллионға жуық.
Вакцина коронавирустың «дельта» штамынан барынша қорғаныш болады дейді мамандар.
Екпе тек ата-аналардың келісімімен ғана салынады.