Қыста шынығу қаншалықты пайдалы?

Қыста шынығу қаншалықты пайдалы?
Сурет: Redbull.com

Спорт - көп дүниенің кепілі!

Халқымыз «шынықсаң шымыр боларсың» дейді. Америкалық ғалымдар қыс ауасында шынуғдың өте пайдалы екенін айтуда. Сондықтан бірқатар пайдалы тұстарына мән беруді жөн санадық.

Сергектіктің оралуы. Көбіміз қыста дене жаттығуын жасап, аздап жгіруді онша қажетсіз санамаймыз. Бос уақыт болса, тек оны жылы үйде басқаша өткізгенді абзал көреміз. Қайта, керісінше жасаған дырысыр-ақ. Мейілінше, ауа-райына көңіл бөлмей, жаттығуға кірісу қажет.

* Біріншіден қан айналым жақсарады.

* Екіншіден сергек жүруге септігін тигізеді.

Бағамдап, қарар болсаңыз екеуінің де пайдасы зор. Сол себепті аталған кеңестерге зер сала жүріңіз.

Бұлшық ет тез қалытасады. Әрбір нәрсе еңбекпен келеді. Әсіресе осыны физикалық жаттығуларға қарата айтқандай сезіледі. Егер қалың қардың үстімен жүрігсеңіз шабыттанасыз. Одан соң барып, ауладағы немесе жол бойындағы турник, брусияға барып машықтансаңыз, нұр-үстіне нұр болмақ. Біртіндеп осылай жасай берсеңіз, дағдыға айналады. Нәтиежесінде, өзіңіз армандаған денеге қол жеткізе бастайсыз. Бастысы еріншектікті жығу керек.

Қорыту. «Денесін жаттықтыру арқылы адам дені сау, төзімді епті болмақ, өз ақыл-ойыңды, өз еркіңді осылай шыңдау қажет» деген екен Максим Горький. Жанды сөз! Ал біздер әрісінен сараптауды әркімнің өзіне қалдырдық.