Қазақстанда коронавирусқа қарсы қанша адам егілді

Қазақстанда коронавирусқа қарсы қанша адам егілді
almaty-akshamy.kz

6 қарашадағы мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның I компонентімен 8 390 029 адам егілді, II компонентті 7 651 170 адам салдырды деп хабарлайды almaty-akshamy.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Коронавирусқа қарсы толық егілгендер бойынша алдыңғы қатарда тұрған өңірлер:

- Алматы қаласы – 950 092 (4 қарашадағы мәлімет - 948 425);

- Түркістан облысы –918 953 (910 763);

- Шығыс Қазақстан облысы –814 084 (808 753);

- Алматы облысы –745 065 (742 891);

- Шымкент қаласы –521 221 (520 524);

- Қарағанды облысы –511 292 (509 660).

Еске салайық, 4 қарашаға дейін елімізде I компонентпен - 8 355 168 адам,

II компонентпен - 7 588 601 адам егілді.

5 қарашадағы дерекке сәйкес, І компонентпен вакциналанды - 8 372 506 адам, II компонентпен - 7 620 215.