Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаны 6 839 097 адам салдырды

Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаны 6 839 097 адам салдырды
almaty-akshamy.kz

2021 жылғы 6 қыркүйектегі мәлімет бойынша, Қазақстанда 6 839 097 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның I компонентін салдырды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.

Коронавирусқа қарсы вакцинаның II компонентін салдырғандар саны 5 662 697 адамды құрап отыр.