Семей көшесінде мылтықпен жүрген жасөспірім жұртты шошытты

Семей көшесінде мылтықпен жүрген жасөспірім жұртты шошытты
Cурет: Алтайньюс

Тексеру барысында жасөспірім ойыншық қару ұстап жүргені белгілі болды

Семей қаласындағы Затон полиция бөлімінің кезекші бөліміне 342 кварталдағы «Радуга» сауда үйі ауданында жас жігіттің мылтықпен жүргені туралы хабарлама түскен, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Алтайньюске сілтеме жасап.

Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері қолында телескопиялық көздеуіш бар мылтық алып жүрген 17 жастағы жігітті ұстады.
Тексеру барысында жасөспірімнің екі күн бұрын туған күнінде ата-анасы берген ақшаға ойыншық қару сатып алғаны белгілі болды.

«Затон полиция бөлімі ювеналдық полиция тобының қызметкерлері заңды өкілдерінің қатысуымен кәмелетке толмаған балаға қатысты профилактикалық әңгіме жүргізді. Ойыншық мылтық туған күн иесіне қайтарылды», - деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі.