Қазақстанда еттің бағасы қымбаттайды

Қазақстанда еттің бағасы қымбаттайды
24.kz

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев саладағы мәселелерге арналған брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Жалпы, елімізде өндірілетін ет көлемі ішкі нарықты қамтуға жетеді. Мәселен, бүгінде отандық агроөнеркәсіп саласы сиыр етіне деген сұранысты 97, ал жылқы етінің сұранысын 98 пайызға қамтып отыр. Ал қой етімен нарықты түгел қамтамасыз етеді. Сондықтан сырттан тасымалдауға әзірге қажеттілік жоқ. Бірақ биылғы қуаңшылыққа байланысты жем-шөп бағасы өскені баршаға мәлім. Сәйкесінше, ет бағасын ұстап тұру қиынға соқпақ.

- Еттің бағасы өсуі ықтимал. Себебі ет өндіруші, өндіріп жатқан шаруа қожалықтары өздерінің шығындарын бәрін өтеу керек. Сол себепті еттің бағасы өсуі мүмкін деп жоспарлап отырмыз, - деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев.